
«Жексенбілік мектебі» жұмысының мақсаты бала және отбасына әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсету, мектеп жасына дейінгі тәрбие және оқытумен қамтылмаған балалардың ата-аналарына көмек көрсетуден тұрады. «Жексенбілік мектебі» баланың өмірін қорғау, денсаулығын нығайту, физикалық және психикалық дамуы, «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасымен ықпалдастыруды жүзеге асырып, қамтамасыз етеді.
«Жексенбілік мектебі» қызметін ҚР «Білім туралы» Заңына; ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 217 бұйрығымен бекітілген “Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар” санитариялық қағидаларына;ҚР Үкіметінің 2013 ж. 17 мамырындағы № 499 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі білім беру ұйымдар қызметінің Үлгілік Ережелеріне; Орталықтың жарлығына сәйкес жүзеге асырады.
«Жексенбілік мектебі» айына 4 рет (сенбі күндері), аптасына 3 сағат 9.20-12.30 жұмыс істейді.
«Жексенбілік мектебіне» 2,5 жастан 5 жасқа және 5 жастан 6 жасқа дейінгі балалар қабылданады.
«Жексенбілік мектебінде» 4 топ жұмыс жасайды:
№ | Тобы | Оқытылу тілі |
1 | № 1 екінші сәбилер тобы | мемлекеттік |
2 | № 2 екінші сәбилер тобы | орыс |
3 | № 1 мектепалды даярлық тобы | мемлекеттік |
4 | № 2 мектепалды даярлық тобы | орыс |
Барлығы | 4 топ |
Жексенбілік мектебінде бағдарламаларға сәйкес келесі оқу қызметі жүргізіледі:
Тобы | Оқу қызметі |
Екінші сәбилер тобы |
тіл дамыту- 1 сағат математика-1 сағат музыка-1 сағат бейнелеу -1 сағат ағылшын тілі- 1 сағат қазақ тілі -1 сағат |
Мектепалды даярлық тобы |
тіл дамыту- 1 сағат сауат ашу – 1 сағат математика -1 сағат өзін-өзі тану – 1 сағат музыка-1 сағат би -1 сағат бейнелеу -1 сағат ағылшын тілі- 1 сағат қазақ тілі -1 сағат |