«Әр адамның жаны-бұл әдемі гүлдің тұқымы іспетті, бірақ ол гүлдене ме, жоқ па, ол әр адамның отбасында және балабақшада алған тәрбиесі мен білімінің руханиятына байланысты» В.Сухомлинский
«Өзін-өзі тану» балабақшасы РМҚК «Бөбек» ҰҒПББСО-ның үздіксіз білім беру жүйесіндегі алғашқы сатысы болып табылады.
Бұл әр баланың жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып жұмыс атқару үшін құрылған бейімделген мектепке дейінгі мекеме. Балабақшада оқу-трбие қызметі үшін , балалардың денсаулығын сақтау және нығайтуға, сондай-ақ, «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын тұтас педагогикалық үдеріске ықпалдастыру үшін барлық жағдай жасалған.
Балабақшаның білім беру бағдарламалары ҚР МЖМБС талаптарына сәйкес келеді, мектепке дейінгі балалардың диагностикасын, жалпы дамуын және түзету жұмыстарын қамтамасыз етеді, балаларды коммуникативтік, әлеуметтік, зерттеушілік, ойлау дағдыларын дамыту арқылы оқу еңбегіне және бірлескен ұжымдық қызметке баулиды.
Оқу – тәрбие қызметі мектеп жасына дейінгі бала үшін табиғи қызмет түрлерін ықпалдастыру арқылы жүзеге асырылады, оның бастысы – ойын.
Балабақшада қосымша білім беру бағдарламалары арқылы балалардың өзін-өзі дамытуға және шығармашылық мүмкіндіктерін ашуға жағдай жасалған: мектеп жасына дейінгі балаларды ағылшын тіліне оқыту; актерлік шеберлік; жүзу ; шахмат клубы; «Шабыт» бейнелеу студиясы; Воскобовичтің дамыту ойындары; партерндік гимнастика.
«Өзін-өзі тану» балабақшасы балаларын рухани-адамгершілік тұрғыда тәрбиелеу міндеттерін шешуде ата-аналармен ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөлінеді. Жыл сайын «Ашық есік күндерін» өткізу – дәстүрге айналған үрдіс. Педагогтар үнемі ата-аналарды балалардың рухани-адамгершілік тәрбиесі бағдарламасымен таныстырып отырады, ықпалдастырылған оқу қызметтерін ұйымдастырады, оның барысында балалар адамгершілік қасиеттер туралы біле отырып, жасалынып жатқан түрлі жақсы істерді көреді, оларды саналы түрде орындауға тырысады.
Біздің ұжым-бұл үлкен жұмыс тәжірибесі бар кәсіпқойлар командасы ғана емес, сонымен қатар, балаларды шексіз сүйетін және олардың әрқайсысынан ғажайыпты көре білетін білікті команда.