Білім берудің басты мақсаты қайырымдылық қасиеттерді және қоғамда адамгершілік құндылықтарын нығайту, бұл мақсат «Мен кіммін?» деген сұраққа жауап іздейтін өмірдің мақсатымен сәйкес келуі керек.”Өзін-өзі тану” рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының авторы С. А. Назарбаева айткандай «әрбір адам өзін-өзі тануы керек».
Колледждің педагогикалық жүйесі «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының негізінде жеке тұлғаны дамытуды бірыңғай мақсат етіп ұстанатын көптеген құрылымдылық компоненттерден тұрады.

Педагогикалық үдерістің басты мақсаты студенттердің жеке тұлғасы мен қабілетін дамытып қана қоймай, сонымен қатар рухани өсуіне, адамгершілік қасиеттерін дамыту мен өзін-өзі кемелдендіруіне, жетілдіруіне ықпал жасау.
Колледж- болашақ ұстаздың құндылықтарының нығаюына септігін тигізетін, дамуына көмектесетін рухани атмосфера, қалыптастырушы орта.

hhhj

В.А. Сухомлинский былай дейді: «Дәрігер балаға жақындамастан бұрын қолдарын жылытады, ал мұғалім жүрегінен бастайды».

Колледжде қызметін жүзеге асыру мен ұйымдастырудың барлық түрінде дәл осы әрекет негізінде жүзеге асады. Рухани қасиеттерді дамыту әр сабақта қолға алынуы тиіс.

Рухани-адамгершілік компоненттерді кез-келген оқу материалында даралай отырып оқыту, оның жасампаздығы мен Адамның игілігі үшін қызмет ету мүмкіндіктерін көрсету – бұл, колледж оқытушыларының пәндерін «Өзін-өзі танумен» интеграциялай оқыту үдерісінде жүзеге асыратын әдістер.

Жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде ұйымдастырылған тәрбиелік іс-шараларда әлемнің сұлулығын ашуға мүмкіндік беретін жағымды, мазмұны терең, мағынасы кең көркем-өнер, музыка, сурет туындылары пайдаланылады және олар жақсы әрекеттер жасауға, қоғамға риясыз қызмет көрсетуге бағытталады. Осындай деңгейде ұйымдастырылған сабақтан тыс іс-шаралар студенттердің рухани –адамзаттық қарым-қатынас ережелерін меңгерулеріне де септігін тигізеді. Сабақтан тыс уақыттарда театрларға, музейлерге, классикалық музыка концерттеріне баруды жүзеге асыру, үйірмелер аясында театрландырылған қойылымдар қою, ондағы әрекеттерді талдау және сараптама жасау үшін пікірталас өткізу, ертегілерді, поэмаларды, қанатты сөздерді тыңдау, талқылау – бұл рухани-адамгершілік тәрбие үшін ең қажетті әдістер және бұндай іс-әрекеттер адамның ішкі жан дүниесінің көркейюіне, әр адамның өзінің мінезі мен өзін-өзі тануға үйретеді.

Атақты педагог В.А.Сухомлинский: «Егер баланың бойына қуаныш пен бақытты сіңіріп өсірсе, бала дәл сондай болады». Демек, оқушыға жан-жақты, терең білім беріп, жүрегіне жомарттық ұялатсақ, онда ертеңгі азамат, сөзсіз өмірге деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан нағыз азамат болады.