РМҚК «Бөбек»ҰҒПББСО«Өзін-өзі тану» гимназиясына

ҚАБЫЛДАУ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

1.Жалпы ережелер

1.1.Осы ереже «Өзін-өзі тану» гимназиясына (бұдан әрі-Гимназия) оқуға қабылдау тәртібін белгілейді.

1.2. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-ІІІ «Білім туралы» Заңы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 10 мамырдағы № 254 қаулысымен бекітілген бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесісәйкес РМҚК«Бөбек» ҰҒПББСО Жарғысы негізінде дайындалған.

1.3.Қабылдау ережесініңЗаңнамамен реттелмеген бөлігін РМҚК«Бөбек» ҰҒПББСО дербес анықтайды.

1.4.Білім алушыларға және білім алушылардың заңды өкілдеріне осы Ережемен, білім беру ұйымының жарғысымен, білім беру қызметін жүргізу құқығына берілген лицензиямен және білім беру ұйымдарының қызметін регламенттейтін басқа да құжаттармен танысуға мүмкіндік беріледі.

2.Қабылдауға қойылатын жалпы талаптар

2.1. Гимназиядағы білім алушылардың саны санитарлық және гигиеналық нормалар мен бақылау нормативтерін ескере отырып, 100 «Республикалық ұйымдарда балаларды оқыту және тәрбиелеу» кіші бағдарламасының 099 «Сапалы мектеп білімінің қолжетімділігін қамтамасыз ету» республикалық бюджеттік бағдарламасының техникалық ерекшелігінің шарттарын қаржыландыру көлемімен айқындалады.

2.2.Қабылдау мемлекеттік және орыс тілдерінде оқитын сыныптар болып жүзеге асырылады.

2.3.Гимназияға қабылдаубілім берудің барлық деңгейлерінде, оқуға түсушілер үшін қабылдаудың тең шарттары негізінде жүргізіледі.

2.4.Гимназияның бос орындарына қабылдау кезінде жеке іріктеу механизмдері – тестілеу, әңгімелесу қолданылады.

2.5.Жеке іріктеуді ұйымдастыру үшін «Бөбек» ҰҒПББО қызметкерлерінен комиссия құрылады. Комиссияның санын, дербес құрамын, жұмысын ұйымдастыру «Бөбек» ҰҒПББО бас директорының бұйрығымен анықталады.

2.6.Оқушылар контингентін сақтау мақсатында жылына бір рет гимназияға оқуға үміткерлер арасында жеке іріктеу рәсімі өткізіледі.

2.7.Қажетті балл санын жинаған, бірақ бос орындардың болмауына байланысты қабылданбаған үміткерлер резервтік тізімге енгізіледі.

2.8.Бос орын пайда болған жағдайда гимназияға резервтік тізімнен үміткер қабылданады.

2.9. Резервтік тізім ағымдағы оқу жылы бойы жүргізіледі.

2.10. Гимназияға оқу жылы ішінде балаларды қабылдау кезінде 1-11 сыныптарға жеке іс қағазы беріледі, оның ішінде білім деңгейі туралы(құжаттар), оқуға түсуші бұрын оқыған білім беру ұйымы берген ағымдағы үлгерімі және аралық аттестаттау туралы мәліметтер.

2.11.Мектеп алды сыныпқа қабылдау кезінде оқу жылының басында келесі құжаттар қажет:

1) баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен өтініш;

2) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

3) денсаулық жағдайы туралы анықтама (026 / у-3 үлгі);

4) көлемі 3х4 см фотосурет – 2 дана.

3. Білім беру қатынастарын тоқтату

3.1. Білім беру қатынастары тоқтатылады:

1) білім алуға байланысты (оқуды аяқтау);

2) оқушының ата-анасының (заңды өкілдерінің) бастамасы бойынша, оның ішінде оқу бағдарламасын игеруді жалғастыру үшін басқа білім беру ұйымына ауысқан жағдайда;

3) Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында көзделген жағдайларда, гимназияның бастамасы бойынша;

4) оқушы мен гимназия ата-аналарының (заңды өкілдерінің) еркіне байланысты емес мән-жайлар бойынша, оның ішінде таратылған жағдайда.