IMG_0114

 

       «Мен балалардың ең кішкентай кезінен-ақ өнерді игеріп, әрқашан дені сау және бақытты болып өсуі мен адамзатқа қызмет етететін өмір даналығын тауып алғанын қалаймын. Ол үшін неге талпынатынын, олардың кім екенін сезінетін, не үшін өмір сүретінін, не нәрсеге ұмтылуы тиіс екенін білгені жөн».
С.А. Назарбаева

Сәлеметсіз бе, Сіздердмен қайта қауышқанымызға қуаныштымыз.

Біздің мектеп – бұл қуаныштың, шығармашылықтың, құрметтеудің, денсаулықты нығайту мен білім алудың тамаша әлемі. Біз, мұғалімдері – ақылды және мейірімді, оқушылары – көңілді және дарынды, сыныптастары – көңілді әрі қайырымды, ал ата-аналары – жомарт үлкен тату отбасымыз. Сыныптар заманауи құралдармен жабдықталған, сабақтар қызықты өтеді. Бұл ғажап мектепте тек әсімдік туралы ойлап, сүйіспеншілік туралы өлеңдерді айта бергің келеді. Баурап әкететін әуендер тыңдап, футбол ойнағың келеді. Біздің мектеп – ең үздік мектеп!

«Өзін-өзі тану» гимназиясы – оқу қабілеті жоғары, зерттеу жұмыстарына бейім, заманауи бағыттағы дарынды балалар мектебі.

Бірыңғай рухани-адамгершілік кеңістікті қалыптастыру және оқушылардың негізгі құзыреттіліктерін дамыту. Адамгершілігі мол, қазіргі қоғамға еркін бейімделетін, рухани мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеу. Баланың бойында рухани-адамгершілік құндылықтарды және әлеуметтік-адамгершілік бағдарды қалыптастыру, баланы өз бетімен оқуға үйрету, өз іс-әрекетін ұйымдастыру, қажетті білімді іздеу, оны талдау, жүйелеу және оны тәжірибеде қолдану, алдына мақсат қою және сол мақсатқа қол жеткізу, өз іс-әрекетін барабар бағалау, кез-келген социумда өмір сүру және соған бейімделу

«Өзін-өзі тану» гимназиясы рухани-адамгершілік білім берудің эксперименттік алаңы ретінде 2002 жылы ҚР Бірінші Ханымы С. А. Назарбаеваның бастамасы бойынша ашылды.

Гимназия «толық күн» режимінде жұмыс істейді (аптасына 5 күн).

Оқушыларға қолайлы жағдайлар жасалған: кең сыныптар, ойын алаңдары, төрт мезгілдік тамақтану, таза ауада серуендеу, өз бетімен дайындалуға уақыт, спорттық және музыкалық-хореографиялық клубтар, пәндік үйірмелер мен факультативтер, медициналық-психологиялық қадағалау.

Гимназияның жақсы материалдық базасы бар: компьютерлік сыныптар, аудио және бейнелік жабдықталған оқу кабинеттері, интербелсенді тақталар, Internet, медиатека, кітапхана.

Мектеп жанында өсімдіктердің өсуін бақылап қана қоймай, ғылыми зерттеулер мен тәжірибелер жасауға болатын жылыжай орналасқан. Оқушылардың Обсерваторияда өткізілетін сабақтарға қатысу мүмкіндігі бар

Гимназияда оқу процессі оқушының қызығушылығы мен мүмкіндіктерін ескере отырып, ҚР білім беру стандартына, білім беру мазмұнына сәйкес жүргізіледі. Мектептің оқу үлгерімі мен білім сапасы жоғары деңгейде.
Оқушылардың мектептегі оқуы, тәрбиеленуі және дамуы баланың жеке тұлғалық рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытуға негізделеді. Балалар өзін-өзі тану сабақтары арқылы адами қарым-қатынастар мен адамгершілік құндылықтар әлеміне енеді, бірыңғай рухани-адамгершілікке тәрбиелеу кеңістігінің жүйесі ізгілікті, азаматтық сезімі дамыған жеке тұлғаның қалыптасуына ықпал етеді.