АНАНЫҢ АЛАҚАНЫ

13.02.2018

Осынау өзiнiң бар мейiрiмiн балаларға төгiп, жан жылуын, аналық сезiмiн арнаған жанның есiмi бүгiнгi таңда тек өз елiмiзде ғана емес, тәуелсiз Қазақстанның даму жолына сүйсiне қарап отырған барлық әлемдiк қауымдастыққа кеңiнен танымал. Елiмiздiң барлық балаларының бақытты өмiрi үшiн бар өмiрiн iзгiлiк жолына арнаған жан ең алғаш рет жиырмадан астам мемлекеттiк және қоғамдық ұйым құрылтайшыларының жиынында «Бөбек» балалар қайырымдылық қорын құру туралы шешiм қабылдаған едi.

 ҮЗIЛМЕГЕН ҮМIТТЕР

 Сол күннен бастап өзiне көп мiндет жүктеп, алдына мақсат қойған Сара Алпысқызы ата-ана қамқорлығынан тыс қалған, мүмкiндiгi шектеулi балалар мен көпбалалы отбасы балаларын бауырына басып, оларға тәлiм мен тәрбие, рухани бiлiм беру iсiн бастап та кеткен едi. Баламен қатар олардың аналары да Сара Алпысқызының назарында болды. Сол уақыттан бастап күнi бүгiнге дейiн қор өскелең ұрпақтың құқығы мен заңды мүдделерiн қамтып, олардың тәрбие мен бiлiм алуларына нақтылы көмек көрсетiп келедi. «SOS Қазақстанның балалар ауылы» да сол жылдардың жемiсi.

Талай жас ана «Үмiт үйiнiң» босағасынан бақыт тауып, көзiнiң қарашығын, қуанышын кеудесiне басқан едi. Өзiнiң тұрмысын түзеп, оқуын аяқтап, сәбиiн құшқан талай ана өздерiнiң аналық құқығын сақтап, осынау бiр ауыз «ана» деген асыл сөздi жоғалтпауына себепшi болып отырған Сара Алпысқызына алғыстарын айтқанына куә болған едiк. Деректерге көз салсақ, «Үмiт үйiнiң» арқасында сексен пайызға жуық бала жетiмдiк қамытын кимей, өз отбасыларына оралған екен. Осыдан көп жыл бұрын Сара Алпысқызы ҚР Парламентi депутаттарының алдында ата-анасыз қалған, жетiм балаларды қолдау және оларды лайықты тәрбиелеуге бағытталған әлеуметтiк құрылым құру туралы заң қабылдау қажет екендiгiн қадап айтқан едi.

Нақтырақ айтсақ, 1994 жылдан бастап iргесi қаланған ауыл талай баланың тұлға болып қалыптасып, өмiрден өз орындарын табуларына көп көмек көрсеттi.

Ананың аялы алақанын сезiнiп, отбасылық бақытты сезiнулерiне мүмкiндiк бердi. Бiр шаңырақтың балалары бақытты да тәту-тәттi өмiр сүрдi. Сара Алпысқызының бастамасымен елiмiзде «Үмiт үйлерi» ашылып, талай баланың жетiм атанып, тастанды болуынан қорғап қалды. Талай баланың қоқыста қалған тағдырын көре тұрып, қолдан дәрмен келмеген тұста бұл «Үмiт үйлерi» шын мәнiнде ана мен баланың арасындағы алтын арқау, үзiлмеген үмiтi болды. Талай жас ана өзiнiң бауыр етi баласынан бас тартқан кезде, олардың сәбиiне деген махаббатын оятқан едi. Талай тағдыр тайғанап барып, бойын түзеген едi сол жылдарда.

БАЛА БОЙЫНА IЗГIЛIК

ҚАСИЕТТI СIҢIРУ ҚАЖЕТ

 

Сол жолы «әрбiр баланы әлеуметтiк ауыртпалықтан қорғау жалпы ұлттық iс болуы керек. Олар үлкендердiң iлтипаты мен қамқорлығына бөленген отбасында өмiр сүруi тиiс», – деп айтқан сөздерi уақыт оздырмай-ақ iс жүзiнде жүзеге асып, тағдыры әр түрлi болғанымен, елiмiздiң тең құқылы балаларымен қатар өсiп, азамат атануына кеңiнен мүмкiндiк берiлдi. Елiмiздiң барлық аймағындағы осындай әлеуметтiк мекемелер ата-анасы жоқ балаларды үйсiз-күйсiз, көше кезiп, қорлық көруден сақтап отыр. Осылайша өзiнiң алғашқы қадамын қайырымдылықтан бастаған «Бөбек» қоры жылдар өте келе материалдық игiлiкпен барлық мәселенiң шешiлмейтiнiн айта келе былай деген едi:

– Тек балаларға ғана емес, барлығымызға, қоғамға адамгершiлiк, рухани бағыт керек. Отбасында бала бойына тек бiлiм ғана емес, рухани, адамгершiлiк, iзгiлiк қасиеттi сiңiру қажет. Өйткенi, адамның басты ауруы арам ниет, көреалмаушылық, жалқаулық, көкiрек керу, тоқмейiлсу. Осы аурудан жазылмасақ, адамзаттың сауығуы мүмкiн емес, – деген едi.

Осылай деген Сара Алпысқызы адами рухани-адамгершiлiк құндылықтардың жандануы бойынша жаңа жоба «Өзiн-өзi тануды» әзiрлеген едi. Аталмыш жобаның бұлай атануын Сара Алпысқызы былай түсiндiредi: «Бұл жобаның «Өзiн-өзi тану» деп аталуы, ең алдымен, адам өзiн-өзi, өз қабiлетiн, өз тағдырын бiлуi керек. Адам өмiрге не үшiн келдi, не бiтiруi тиiс және қайда барады? Яғни жобаның басты мақсаты – адамның өзiн-өзi тауып, жақсы сапасын ашып, ар-намысын сақтап, адам баласына еш жамандық, сатқындық жасалмай, әрқашан адам қалпын сақтауына көмек көрсету болатын. Адам өз өмiрiндегi сәттiлiкке де, сәтсiздiкке де тiкелей өзi себепшi екен.

Сол үшiн де «Өзiн-өзi тану» балаларға өз-өзiмен, қоршаған ортамен үйлесiмдi өмiр сүрудi үйретедi. Елiмiздiң әрбiр кiшкентай азаматының тағдырына алаңдайтын Сара Алпысқызы олардың болашақта өз елiнiң патриоты болып өсулерi үшiн үлкен үмiт сыйлайды. Әрбiр жиында, халықаралық мiнберде балалардың тағдырына жаны ашып, олардың бақыты үшiн өмiрдi өзгертуге болатынын айтқан сөздерi шын мәнiнде ананың үндеуi iспеттi болды. Елбасымыз Н.Назарбаевтың халыққа арнаған Жолдауындағы: «Бiз әрбiр адамның абыройын, адамгершiлiгi мен беделiн бағалайтын, жоғары өнегелi, эстетикалық стандарттары мен рухани құндылығы бар қоғам құруымыз қажет», – деп баса айтқан сздерi «=зiн-зi тану» рухани-адамгер- шiлiк бiлiм беру бағдарламасының жалпы мақсатымен тоғысып жатыр.

Сара Алпысқызы НАЗАРБАЕВА:

«Өзiн-өзi тану» курсы адамның өзiн-өзi табуына, ең жақсы қасиеттерiн ашуға, өзiнiң кейпiн өзгертуге, адамгершiлiгiн және әрқашан адам қалпын сақтауға көмектеседi. Негiзiнде, адамзат тарихының өзi адамгершiлiк тұрғысынан өзiн-өзi жетiлдiрудiң тұрақты және үздiксiз процесi болып табылады.

«ӨЗIН-ӨЗI ТАНУ» ӨЗ

КҮШIНЕ СЕНУГЕ ҮЙРЕТЕДI

 

Елiмiз бойынша 2001 жылдың 12 шiлдесiндегi ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң бұйрығымен бекiтiлген «Өзiн-өзi тану» курсының жобасын әзiрлеу мен сынамалау бойынша өткiзiлген тәжiрибе өз нәтижесiн берiп, табысты түрде жүзеге асып келедi. «Өзiн-өзi тану» курсы жетi жылдық сынақтан кейiн республикамыздың барлық аймақтарында ата-аналар мен бiлiм жүйесi саласы қызметкерлерiнiң қолдауына ие болған едi. Содан берi «Өзiн-өзi тану» iлiмi бiздiң қоғамға, өскелең ұрпаққа жақсылық жасау, риясыз сүю, көбiрек тану, өзiн-өзi жетiлдiру, физикалық, рухани, әлеуметтiк, шығармашылық дамуға мүмкiндiк берiп, оны дамытуға көп көмек көрсетiп отыр. Сондықтан «Өзiн-өзi тану» iлiмiнiң пән ретiндегi мақсаты – тұлғаның рухани-адамгершiлiгiн дамытып, әрбiр ұрпақтың адами қасиеттi бойына сiңiруiне, мүмкiндiктерiн толық ашып, көрсетуiне ықпал жасау.

Оқу пәнi ретiнде «Өзiн-өзi тану» бүгiнгi таңда қоғамда өсiп келе жатқан ұрпақты тәрбиелей отырып, оның бойына рухани-адамгершiлiк бiлiм беруге мүмкiндiк бередi. Адамға сол қоғамда өзiн-өзi толық танып бiлуге, өмiрдегi өз орнын ұғынып, түсiнуiне ықпал етедi. Бiлiм берудiң құндылығын күшейте отырып, тұлғаның риясыз сүюiн, дамуын көрсетедi. Өзiне, өзiнiң күшiне сенуге, айналасындағы адамдарға жақсылық жасауына, өзiн жетiлдiрiп, маңайындағы тiршiлiк атаулыға түсiнiстiкпен қарауына жол ашады. «Өзiн-өзi тану» бағдарламасын ендiргеннен кейiн көптеген нәтижелер байқала бастады. Балалар өздерiн саналы түрде басқаруға мүмкiндiктерi бар екендiктерiн байқатса, олардың бойындағы тұлғалық ұқсастық қалыптасқан.

Сара Алпысқызының бастамасымен құрылған қор бүгiнде қанатын кеңге жайған. Балаларды адамгершiлiк құндылықтарға, өзiн-өзi тануға, қоршаған ортамен үйлесiмдi қарым-қатынас құруға үйрететiн екi мектеп-гимназиясы мен гуманитарлық колледжi бар. «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық бiлiм беру және сауықтыру орталығының құрылуына да бастамашы болды. «Өзiн-өзi тану» iлiмiнен көп ой түюге болады. Ұлы Абайдың «махаббат пен әдiлдiк сезiмi кiмде көбiрек болса, сол кiсi ғалым, сол кiсi дана» деген сөздерiмен аяқтайық.

Рая ЕСКЕНДIР

Материал “Алматы ақшамы” газетінде жарияланған, № 18, 2018 ж. 10 ақпан