Балабақшадағы барлық жұмыс (педагогтармен, ата-аналармен, балалармен) «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын біртұтас педагогикалық үдерісінде ықпалдастырумен құрылады.

Балабақшада балалардың денсаулығын сақтау, нығайту және тәрбие-білім беру қызметі үшін барлық жағдай жасалған.

Балабақшадағы «Өзін-өзі тану» бағдарламасының негізгі мазмұны бес білім беру аймағынан тұратын базалық минимумның мазмұнымен ықпалдастырылады және оқу іс-әрекетінде, қосымша білім беру бойынша оқудан тыс іс-әрекетте жүзеге асырылады.

«Өзін-өзі тану» пәнінің метапәндік мазмұны барлық білім беру аймақтарының өтіп, бірыңғай, тұтас мазмұнынға біріктіреді.

«Өзін-өзі тану» ықпалдастырылған бағдарламасының іс-әрекет мазмұны күн тәртібінің орындалуы бойынша балабақшада ұйымдастырылатын әр түрлі бағыттағы іс-әркетті қарастырады. Әр тәрбиеші міндетті түрде «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері» атты жаңартылған бағдарламасы бойынша біліктілігін арттырады, бағдарлама негізінде ықпалдастырлған оқу іс-әрекетін құрады. Барлық педагогтар өз білімін жетілдіруде жеке тақырып бойынша ғылыми-педагогикалық іс-әрекетті «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырады. Ата-анамен бірлескен өзара қарым-қатынас мектеп жасына дейінгі балаларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу міндетін жүзеге асыруда аса маңызды болып табылады. Балабақшада ата-аналармен жұмыс жүргізудің әр түрлі формалары қолданылады. Сонымен қатар, мектеп жасына дейінгі балалардың рухани-адамгершілік дүниесінің дамуы мен кеңеюі оқу-тәрбие үдерісінің аса маңызды бөлігі.