«Өзін-өзі тану» гимназиясының мәртебесі жалпы адамзаттық құндылықтарға бағытталған, ізгі-рухани кеңістігінде тәрбие алған жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады.

Гимназияда маңызды педагогикалық шарттар құрылған:

  • сүйіспеншілікке, сенімге, шығармашылық шабытқа, өзіндік зерттеуге жағдай, әрқайсысы өзін-өзі тануға ахуал жасалған
  • мектептің педагогикалық процессіне рухани- адамгершілік білім беруді ықпалдастыру
  • рухани-адамгершілік білім беру үдерісінде тек ізгілікті әдістерді пайдалану

«Өзін-өзі тану» гимназияның барлық қызметі рухани-адамгершілік кеңістігін, қоғамға қызмет ету дағдыларын қалыптастыруға,сондай-ақ рухани-адамгершілік тәрбие берудің барлық принциптерін іске асыруға бағытталған:

  • гуманистік бағыттағы
  • жалпы адамзаттық құндылықтарды
  • өзара әлеуметтік қатынас
  • ұлттық мұра
  • табиғаттылық