Балабақшаның балаларына арналған экскурсия

24.02.2021

«Бөбек» орталығының Обсерваториясында балабақша балаларына арналған экскурсиялар өте қызықты және танымды өтеді.

Экскурсия обсерваторияның құрылу тарихы туралы әңгімеден басталады, балалар телескоппен және жұлдызды аспан картасымен танысады. Ең қызықтысы, балалар үшін  шоқжұлдыздар туралы оқиғаны тыңдау және  жұлдызды аспанда көру.