Айдың ең үздік қызметкері

10.12.2020

«Айдың ең үздік қызметкері» атты байқау қорытындылары

Ағымдағы жылдың қазан айында «Бөбек» ҰҒПББО-ның педагогикалық және әкімшілік-шаруашылық қызметкерлері арасында «Айдың ең үздік қызметкері» атты байқау жарияланған болатын. «Айдың ең үздік қызметкері» атағы үміткерлерінің, есептік айдың ішінде, орындаушылық әрі еңбек тәртібінің, этика тәртібі мен ақпараттық қауіпсіздіктің бұзушылығы болмауы тиіс.
«Айдың ең үздік қызметкері» атты байқаудың алғашқы қорытындысы шықты. Бұл атаққа педагогикалық ұжым арасында «Бөбек» ҰҒПББО-ның «Өзін-өзі тану» гиназиясының информатика пәнінің мұғалімі Солодникова Юлия Вячеславовна ие болды. Әкімшілік-шаруашылық қызметкерлері арасында  инженерлік желілер мен жабдықтар ғимараттарын пайдалану қызметінің комендантыМухашева Тойдык Абатбаевна  ең үздік қызметкер атағын иеленді.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Жақсылық пен сәттілік тілейміз!