Педагогтің көшбасшылығы

27.11.2020

2020 жылдың 27 қарашасы күні, ZOOM платформасында, ҚР ҰДП МК «Қарлығаш» балабақшасы ШЖҚ РМК ресурстық-білім беру орталығының ұйымдастыруымен, «Педагогтің көшбасшылығы» Республикалық семинары өтті.

Іс-шараға, қадірлі қонақтар ретінде, ҚР Президентінің істерін басқару Медициналық орталығының басшысы С. Д. Қисықов; «Астана» Халықаралық университетінің президенті, ҚР БжҒМ Қоғамдық Кеңесінің төрағасы С. А. Ирсалиев; т.ғ.д., профессор, Қазақ білім беру академиясының академигі, Еуразиялық гуманитарлік институтінің ректоры А. К. Құсаинов; «Бөбек» ҰҒПББО-ның бас директоры Е. Н. Сәкенова; Нұр-Сұлтан қ. «Өрлеу» АҚФ  ҰБЖО-ның директоры Л. А. Саинова; ҚР БжҒМ «Мектепке дейінгі балалықшақ»республикалық орталығы» РММ-нің директоры Р. Ж. Базарбаева және тағы басқалар қатысты.

Елена Сәкенова өз алғы сөзінде заманауи педагогтің педагогикалық білім мен дағдылар сияқты барлық қажетті кәсіби құзыреті болуы тиіс екендігін атап өтті. Сондай-ақ, ол балаларды нағыз жақсы көру қасиеті, яғни оларға мықты әрі өздігімен болуға көмектесу, мінезін жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде дамытуға, табиғи игіліктер мен өмірге төзімділік қасиеттерін дамытуға көмектесу мұғалімді шынайы көшбасшы жасайтынын айтты.

Сара Алпысқызының бұл бастамасы «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының негізінде жатыр. Кез келген білім беру бағдарламаларды рухани-адамгершілік білім беру ағартушылығымен, адамсүйгіштік рухындағы тәрбиесімен толықтырмаса, тиісті нәтиже бермейді.

Әрі қарай Елена Сәкенова баланың дамуындағы маңызды саты ретіндегі мектепке дейінгі білім беру және педагогтің басты рөлі туралы айтты. Сосын семинарға қатысушыларға, балалардың саулығы үшін, жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тіледі.

Семинар барысында педагогтің мектепке дейінгі білім беру саласында негізгі кәсіби құзыреті жөніндегі мәселе талқыланды.