2020 жылдың 21-28 маусым аралығында Обсерватория базасында

02.07.2020

2020 жылдың 21-28 маусым аралығында Обсерватория базасында Төкен Омаров атындағы Республикалық ғарыштық физика мен астрономиядан оқушылардың ғылыми жарысы онлайн түрде өтті. Ғылыми жарысқа 7-11 сыныптың 120 оқушылары жетекшілерімен, Қазақстанның 6 облысы мен Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларының жас астрономдары мен ғарышкерлері қатысты.

Ғылыми жарыс шеңберінде: астрономия мен ғарыштық физикадан Олимпиада, астрономия мен ғарыштық физикадан ғылыми жобалар конкурсы өтті.

Жарыс қорытындысында    Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстары және Алматы қалаларының мамандандырылған мектептері жоғары нәтиже көрсетті.

Ғылыми жарыста астрономия мен ғарыштық физикадан қорғалған жоба ішінде әділ қазылардың қызығушылығын Система управления роботизированной Лунной станцией с использованием современных IT-технологий (автор – Шығыс Қазақстан облысынан қорғаған  7 сынып оқушысы – Котляров Денис), және сонымен қатар Исследование фрагмента Сихотэ-Алинского метеорита(автор – Темирбекова Жамиля -Алматы қаласының  «№15 Гимназиясының»  10  сынып оқушысы). Бұл жобалар 17 жобаның ішіндегі ең үздігі атанды.

Астрономия мен ғарыштық физикадан олимпиададан жоғары көрсеткіш көрсеткен Алматы қаласының №169 мектеп-лицейінің оқуышысы – Зинатдинова Арайлым, және Алматы қаласының  №27 Гимназиясының оқушысы – Симакова Мария І дәрежелі дипломмен марапатталды.

ІІ және ІІІ дәрежелі дипломымен Оңтүстік қазақстан облысының және Алматы қаласының  №139 мектебі, №151 мектебі, РФММ және Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары иеленді.