Ата-ана қамқорлығы

11.11.2019

Ата-аналар жұртшылығын адамгершілік-рухани ағарту мақсатында «Бөбек» Ұлттық ғылыми–практикалық, білім беру және сауықтыру орталығында 2020 жылғы 19 маусымда онлайн форматта ата-аналар университетінің «Жалпыадамзаттық құндылықтар – ізгі адам тәрбиелеудің негізі» тақырыбында шығармашылық шеберханасы мемлекеттік және орыс тілдерінде өткізілді??

Шығармашылық шеберханаларды жүргізгендер:
Муратханова Райхан – педагогика ғылымдарының кандидаты, «Бөбек» ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институтының жетекші ғылыми қызметкері; оқушыларға арналған «Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешендер мен мұғалімдерге арналған біліктілікті арттырудың білім беру бағдарламаларын, оқу бағдарламаларын әзірлеуші.
Карабутова Анжелика Александровна – «Бөбек» ҰҒПББО Адамның үйлесімді дамуы институтының білім беру бағдарламалары бөлімінің жетекшісі; Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының докторанты, психология магистрі; оқушыларға арналған «Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешендерді және мұғалімдерге арналған біліктілікті арттырудың білім беру бағдарламаларын, оқу бағдарламаларын әзірлеуші.