Колледжге түсу

04.05.2019

«Өзін-өзі тану» Адамның үйлесімді дамуы гуманитарлық колледжі

Колледжге түсу

 

ҚҰРМЕТТІ ТАЛАПКЕРЛЕР!

Біздің колледжімізде сіз қоршаған ортаны сүюді, адамдарды құрметтеуді, уақыттың қадірін білуді үйренесіз, өзіңізді танисыз!

Бұл жерде адамдарға жақсылық жасауға дайын, мемлекетіміз бен қоғамның игілігі үшін риясыз қызмет ететін  болашақ Мұғалімдер білім алады.

 

Құжат қабылдау:                             2019 жылдың 10 маусымынан 22 тамызға дейін

Түсу емтихандары:                          23 тамыз 2019 жыл

 

«Өзін-өзі тану» Адамның үйлесімді дамуы гуманитарлық колледжі келесі мамандықтар бойынша оқу бағдарламасын жүзеге асырады:

11 сынып негізінде – 2 жыл 10 ай

  • 0111063  «Өзін-өзі тану мұғалімі»
  • 0105013  «Бастауыш сынып мұғалімі»
  • 0101013 «Мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиешісі»
  • 0105023  «Информатикадан бастауыш білім беру мұғалімі»

9 сынып негізінде – 3 жыл 10 ай

  • 0105033  «Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі»

Оқыту тілі:

Колледжде оқу қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Оқыту түрі: күндізгі.

Колледжде оқуға жасалған жағдайлар:

-байқау негізінде тегін оқу (ҚР ҒБМ және Алматы облысы әкімінің гранттары);

-ақылы негізде.

Оқуға түсу:

Түсу емтихандары кешенді тестілеу түрінде өткізіледі:

  • жалпы орта білім негізінде төмендегі пәндер бойынша (11 сынып негізінде):

Қазақ (орыс) тілі;

Қазақстан тарихы;

Мамандықтың бейіндік пәні.

Мамандық бойынша бейіндік пәндер:

0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» – биология.

0105000 «Бастауыш білім»-   математика.

0111000 «Негізгі орта білім» – математика.

0105023 «Информатикадан бастауыш білім беру мұғалімі» – математика.

  • негізгі орта білім бойынша (9 сынып негізінде):

0105033« Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі» мамандығы бойынша:

Қазақ (орыс) тілі және математика.

Студенттерге жатақхана беріледі.

Оқуға тапсыруға қажетті құжаттар:

  • Өтініш;
  • Жеке куәлік (көшірме) / Туу туралы куәлік (көшірме), СТН (көшірме);
  • Негізгі орта білім туралы аттестат/ жалпы орта білім туралы аттестат – түпнұсқа)
  • ҰБТ сертификаты немесе КТ сертификаты (болған жағдайда);
  • Мекен-жай анықтамасы;
  • Тіркеу куәлігінің көшірмесі (жасөспірімдер үшін);
  • Бала денсаулығы паспорты;
  • Медициналық анықтама 086-У, флюорография түсірілімі; №063 форма (I және II топ мүгедектері мен бала жасынан мүгедектер үшін – медициналық- әлеуметтік сараптама қорытындысы, отбасының әлеуметтік жағдайы туралы анықтама);
  • 3×4 көлеміндегі сурет (6 дана);
  • Мінездеме.

Алматы қ., «Дарын-1» ықшам ауданы, Асқаров көшесі, 47 үй

Анықтама телефондары: 247-25-77.

http://www.bobek.kz/