Армысың , Наурыз!

20.03.2019

Наурыз келдi елiме,
Наурыз келдi жерiме.
Байлық, бақыт тiлеймiз,

Бүкiл қазақ елiне!-дей отырып,  біздің  «Өзін-өзі тану»балабақшамызда  «Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз» мейрамына арналған мерекелік іс-шара өтті. Күн мен түн теңелетін көктемнің шуақты мерекесі әз-Наурыз мейрамына балабақшамыздың  балғындары айрықша әзірленді. Тілдері бал бүлдіршіндер тақпақ айтып, ән салды, би билеп, ұлттық дәстүрден сыр шертетін қазақтың ұлттық ойындарын да ойнады. Мереке соңына орай шашу шашылып,ақ  бата берілді.