«АСТРОНОМИЯ БАРЛЫҒЫ ҮШІН» АСТРОНОМИЯЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАРЫ

14.03.2019

2019 жылдың 10-17 март аралығында «Бобек» ҰҒПББСО Обсерваториясында Қазақстан Республикасы оқушыларының ғарыштық білім беру бойынша жұмысының бір түрі болып табылатын мектеп оқушыларына арналған «Астрономия барлық үшін» атты Астрономиялық жаттығуы өтіп жатыр.

Астрожаттықтыру бағдарламасына келесі тақырыптар енгізілді: Моральдық және рухани білім беруді ғарыштық біліммен интеграциялау туралы дәріс және Астрономия бойынша дәрістер: Жұлдызды аспан, аспан сферасы, аспан координаттарының жүйесі, координаталар мен уақытты өлшеу әдістері; Күн жүйесі, Планеталар, Жұлдыздар мен Галактикалар; Әлемдегі қашықтықты анықтау. Телескоптар және олардың сипаттамалары, Жұлдызды аспанды бақылау, сонымен қатар, астрономия, астрофизика бойынша есептер шығарылды.