МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АСТРОНОМИЯЛЫҚ ТУРНИРІ

09.01.2019

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АСТРОНОМИЯЛЫҚ ТУРНИРІ 

2018 жылдың 17-24 қазанында мектеп Оқушыларының Республикалық Астрономиялық Турнирі (бұдан әрі – Астротурнир) өтті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің физика-техникалық факультетінің плазма физикасы, нанотехнология мен компьютерлік физика кафедрасының профессор м.а., ф.-м.ғ.к. Туреханова Құндыз Момынқызы осы жылы Астротурнирдің қазылар алқасының төрағасы болды. Қазылар алқасының құрамына кіргендер: ҚР ҰҒА корр.-мүшесі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ф.-м.ғ.д. – Абишев М.Е., Абай атындағы ҚазҰПУ-ның профессоры, ф.-м.ғ.д. – А. Купчишин, Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының профессоры, ф.-м.ғ.д. – Ершина А.К., және В.Г. Фесенков атындағы Астрофизикалық институтының ғалымдары, ғылым және білім беру мекемелерінің қызметкерлері мен оқытушылары, сонымен қатар «Бөбек» ҰҒПББСО-ның қызметкерлері.

Астротурнирге қатысқан жеңімпаз командалар I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталды. Команда жетекшілері «Бөбек» ҰҒПББСО-ның Бас директоры атынан алғыс хатын иеленді.

Үшінші дәрежелі дипломмен төрт команда марапатталды: Шығыс Қазақстан облысы, Қарағанды облысы, «ТЭФММ» Алматы қаласы және Абай атындағы РОМИ, Алматы қаласы.

Екінші орынды үш команда иеленді: Оңтүстік Қазақстан облысы, Солтүстік Қазақстан облысы мен РФММ.

Бірінші орынды Алматы қаласының «Өзін-өзі тану» гимназиясының командасы мен Алматы қаласының №34 мектебінің командасы алды.

Ал Бас жүлдені алған Алматы қаласының ФМБ НЗМ командасы келесі құрамадан тұрады: Меліс Әліби, Қаршыға Ербол, Манап Диас, Манабаев Жәнібек, Сиранов Жангир, Акижанов Данияр.

Оқушылардың Республикалық Астрономиялық Турнирі көптеген талантты есімдерді ашты, ғарышты зерттейтін ақылды әрі ізденімпаз балалар – бұл біздің болашақ ғалымдар мен зерттеушілер, олар үлкен жетістіктерге ие болады.