ТӨКЕН ОМАРОВ АТЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒАРЫШТЫҚ ФИЗИКА МЕН АСТРОНОМИЯДАН ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖАРЫСЫ

09.01.2019

«Бөбек» ҰҒПББСО Обсерваториясының базасында 2018 жылдың 22-29 сәуір аралығында Төкен Омаров атындағы Республикалық ғарыштық физика мен астрономиядан оқушылардың ғылыми жарысы өткізілді.

Шараны ұйымдастырушылардың шақыруы бойынша аталған іс-шараға қазылар алқасы мен құрметті қонақтар – Қазақстан мен Грузия ғалымдары келді. Қатысушылар үлкен қаунышпен Қазақстанның Ұлттық батыры, ҚР ғарышкері – Аимбетов Айдын Ақанұлын қарсы алды. Оның:  «Ғарышқа жолым «Бөбектен» басталады» деген сөзі қанаттыға айналып, жас ғалымдарды жаңа жетістіктерге шабыттандырды.

Ғарыштық зерттеулер мен технологиялар ұлттық орталығы» АҚ-ның Президенті, физика-математика ғылымдарының докторы, бүкіл ғылыми шығармашылық қызметі В.Г. Фесенков атындағы Астрофизикалық институтпен байланысты болған, онда аға зертханашыдан ҚР ҰҒА академигі атағына дейін жолды өткерген, танымал ғалым-астроном Төкен Омаровтың ұлы және лайықты ізбасары – Омаров Шыңғыс Төкенұлы – ғылыми жарыстың барлық қатысушыларына арнап сөз сөйледі.

Республикалық ғылыми байқауға 120 адам қатысты – бұл жас астрономдар мен ғарышкерлер – Қазақстанның 10 облысынан, Астана және Алматы қалаларынан келген 7-11 сынып оқушылары және олардың топ жетекшілері.

Қазылар алқасының айтуынша, биыл Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Қызылорда облыстары мен Алматы және Астана қалаларының мамандандырылған мектептерінің өкілдері жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Қазылар алқасы мен Ғылыми байқаудың қатысушылары арасында «Неодим магнитінің қозғалысын зерттеу» (авторы – Шығыс Қазақстан облысының 11-ші сынып оқушысы – Вероника Прокопьева) жобалық байқауына ұсынылған баяндамалар, сондай-ақ Ұшырылған зымыран – тасығыштардың сатыларын сақтау әдістері (авторы – Әбдікерімов Арыстанбаб,Сейтжапаров Аян, Ержанұлы Ерсұлтан, – Астана қаласының 9 және 10-сынып оқушылары) атты жобасы үлкен қызығушылықты тудырды..

Республикалық ғарыштық физика мен астрономиядан біліктілік жарысында үздік нәтижені Алматы қаласының РФММ-нің оқушылары – Лесбек Баймырза мен Оспанова Әлия көрсетті. Оларға І дәрежелі диплом берілді.

ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен Астана қаласының, Ақтөбе, Солтүтік Қазақстан облытарының, сонымен қатар, Алматы қаласының физ.-мат.бағ. НЗМ-нің оқушылары марапатталды.