АСТРОНОМИЯЛЫҚ ОЛИМПИАДАЛАРҒА ДАЯРЛАУ БОЙЫНША КӘСІПТІК МЕКТЕП

09.01.2019

2018 жылдың 10-24 маусымы аралығында «Бөбек» ҰҒПББСО Обсерваториясы базасында астрономиялық олимпиадаларға даярлау бойынша кәсіптік мектеп өткізілді (бұдан әрі – Республикалық кәсіптік мектеп – РКМ). Республикалық кәсіптік мектепте оқуға 2018 жылдың сәуір айында өткен Төкен Омаров атындағы астрономия және ғарыштық физика республикалық оқушылар арасындағы ғылыми сайыс аясында өткен астрономия және ғарыштық физика бойынша Республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері шақырылды (барлығы 30 адам). Мектепке Астана, Алматы, Ақтөбе, Петропавл қалаларының дарынды балалары қатысты.

Республикалық кәсіптік мектептің басты мақсаты Халықаралық Астрономиялық Олимпиадаға (ХАО); Халықаралық астрономия және астрофизика олимпиадасына (ХААО); Азия-Тынық мұхиттық астрономиялық олимпиадасына (ATАO); «Юниор» оқушылардың ғылыми жұмыстар сайысы; «Ғылымға бастау» оқушыларының ғылыми-техникалық жұмыстарының Халықаралық сайысы; «Технодром» Халықаралық балалар лагері; Орталық Ресей ашық Халықаралық олимпиадасы – астрономия және ғарыштық физика бойынша ҰҒО Олимпиадасы; Ресей-Халықаралық астрономия мектебінің оқушылар турнирі; «Біз – XXI ғасыр зияткерлері» халықаралық байқауы, «Алтын Туйун» РБИТА, Қырғызстан; Жас натуралистердің халықаралық турниріне қатысатын командалардың қорытынды құрамын қалыптастыру болды.