АЗИЯ-ТЫНЫҚМҰХИТТЫҚ АСТРОНОМИЯЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ

09.01.2019

2018 жылдың 22 қарашасынан 2 желтоқсанына дейін Қазақстан командасы Қытайдың Лицзян қаласында өткен Азия-Тынықмұхиттық астрономиялық олимпиадасына (ATAO) қатысты.

Команда құрамы 8 оқушыдан тұрды: Гулам Рамин, Веденеев Артем, Қасенов Сұлтан – «Бөбек» ҰҒПББСО «Өзін-өзі тану» гимназиясының 10-сынып оқушылары, Лесбек Баймырза – РФММ-нің 10-сынып оқушысы, Оразхан Хайдар – ФМБ НЗМ-нің 9-сынып оқушысы, Оспанова Әлия және Каспакова Айым – РФММ-нің 9-сынып оқушылары. Команда жетекшілері: Бейсен Нұрзада – команда жаттықтырушысы және халықаралық олимпиада қазылар алқасының мүшесі, Кабдышев Жанеркен – «Өзін-өзі тану» гимназиясының мұғалімі.

Соңғы уақытта Қазақстан командасы ATAO-ға үнемі қатыспағанына қарамастан, біздің оқушыларымыз жақсы нәтиже көрсете алды және өздерінің қарсыластары Қытай мен Кореяның командаларына лайықты төтеп бере алды.

Қазақстандық қатысушы Оразхан Хайдар өзінің қарсыластарынан озып түсіп, теория мен практикадан үздік нәтиже көрсетіп қана қоймай, олимпиаданың барлық үш кезеңінің қорытындысынан ең жоғары нәтижеге қол жеткізді.

АТАО төрағасы М.Г. Гаврилов күміс медаль және II дәрежелі дипломмен Оразхан Хайдарды, қола медаль және ІІІ дәрежелі дипломмен Оспанова Әлияны марапаттады.

Марапаттау кезінде балалар Қазақстан туын көтерді. Бұл әр адамның өміріндегі маңызды және толқымалы сәт. Айта кетерлік жайт, Марапаттау рәсімі 2018 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстанның барлық тұрғындары үшін мерекелік күні өтті және оқушылар өздерінің жетістіктерін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арнады.

Біздің балаларды осы үлкен жеңіспен шын жүректен құттықтаймыз!