«Әрбір адам туғаннан бастап өзіне берілген қабілеттерді жүзеге асыруы арқылы тек туған елімізге ғана емес, Жер бетіндегі барша адамзатқа пайдасын тигізуі үшін , біз қоғамымызда рухани – адамгершілік құндылықтарды білім арқылы жандандыруды қалаймыз… »

Біздің миссия Адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы арқылы еліміздің адами әлеуетінің дамуына ықпал ету

2024 жылдың үздік психологі

«2024 жылдың үздік психологі» республикалық байқауында авторлық бағдарламаны қорғау барысында гимназия психологі Дайрова Ботагөз Әлиқызы «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды интелектісін бұзбай психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» атты авторлық бағдарламасымен 3-ші орынды иеленді.Байқауға Республиканың 100-ге жуық психологі қатысты. Олардың арасында жарыстың аймақтық кезеңдерінен сәтті өткен колледждер, мектептер мен балабақшалардың психологтері бар.

“Бала тәрбиесі”

2024 жылдың 5 наурызында Оқу – сауықтыру кешенінің тәрбиешісі Болегенова Аяулым Калихановна “Бала тәрбиесі” тақырыбында тікелей эфирде сөз сөйлейді. Тікелей эфир барысында Аяулым Калихановна бала тәрбиесінің маңызы мен ерекшеліктерін жайлы, Оқу – сауықтыру кешенінде бала тәрбиесі үшін өткізілетін іс – шаралар туралы сөз қозғады.Тікелей эфирді сілтемеге өту арқылы көре аласыздар.https://www.facebook.com/share/v/T1bvoMZv2Sj7wEbQ/?mibextid=oFDknk