«Күзгі ғажайып»

24.10.2018

Алтын күз мезгілінің сыйы мол. Алуан түске боялған табиғат сыйы балалардың қиялын дамытып, шабыттандыра түсуде. «Өзін-өзі тану» балабақшасында бірлескен көрмелерді өткізу дәстүрге айналған. Күз –шығармашылықтың да уақыты болып саналады. Ата-аналар көрмеге табиғи материалдардан бұйымдар жасауға қуана келісті. «Күзгі ғажайып» атты көрменің мақсаты балалар мен ата-аналардың бірлескен шығармашылығын дамыту, балабақшаның өміріне белсенді қатыстыру болды. Жұмыстардың тақырыбы алдын-ала келісілген жоқ, көрмеге нені ұсынатынын әркім өздері шешті. Ал тақырып таңдауда көп ойланған ата-аналарға балалары көмектесті