Алматы – арман қала

18.06.2018

Саяхатқа шығудың оқу-тәрбие жүйесінде алатын орны ерекше. Саяхат балалардың туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, әсемдікке тәрбиелейді.

Осы мақсатта 6-сауықтыру ауысымының балалары үшін Тұңғыш Президент саябағына, Тәуелсіздік Монументіне, 28-панфиловшылар саябағына, “Бөбек” орталығының Обсерваториясына, “Алматы Арена” мұз кешеніне саяхаттар ұйымдастырылды. Саяхаттар балалардың дүниетанымын кеңейтіп, білімдерін толықтырды және балаларға үлкен әсер қалдырды.