Балалардың шығармашылық жолы

18.06.2018

Шығармашылық — баланың үйлесімді және бақытты өмірінің негізгі бөлігі. Ол алғашқыда баланың жеке тұлға болып қалыптасу жолында өзін-өзі дамыту құралы болса, кейінірек өзін-өзі көрсете білуіне ықпал етуі мүмкін.

“Өзін-өзі тану” оқу-сауықтыру кешені балаларға үнемі қолдау көрсетеді және сахнада қабілеттерінің ашылуына жағдай жасайды. Осы мақсатта кешеннің барлық балаларының қатысуымен “Біз – бақытты баламыз”, “Мы – звездочки на земле”, “Гүл патшалығы” тақырыптарында шығармашылық кештер ұйымдастырылды.

Нәтижесінде әрбір бала шығармашылық қабілетін көрсетіп, жаңа әрі қызықты шарадан үлкен әсер алды.