Денсаулық күні

18.06.2018

“Өзін-өзі тану” оқу-сауықтыру кешенінде балаларды салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Денсаулық күні»  аталып өтілді. Іс-шара спорт залындағы эстафеталық ойындармен басталды, оған балалар, педагогтар, медбикелер қатысты.  Жасақталған 5 топ қатысушылары  жылдамдық, ширақтыққа арналған спорттық жаттығулар жасады. Сондай-ақ, «Тәні саудың – жаны сау» тақырыбында тәрбие сағаты,  акт залында дәрігерлермен сұрақ-жауап сағаты өткізілді. Балалар салауатты өмір салты мен денсаулық туралы көптеген пайдалы мағлұматтар алды.