«Бөбек» ҰҒПББСО, «Өзін-өзі тану» гимназиясында 2018 жылдың 14 мамыр күні бастауыш сыныптар арасында «Болашаққа қадам» ғылыми-практикалық конференция болып өтті.

22.05.2018

Менің көзқарасым бойынша, әрбір мұғалімнің парызы балаға өз «Менін» табу мүмкіндігін берумен, адам табиғаты және табиғаттың өзі белгілі бір жастың дамуы үшін анықтап берген жағдайларды жасаумен айқындалады. (Назарбаева С.А.)

Бастауыш сынып оқушылары арасында ғылыми жұмыстар ұйымдастыру арқылы оқушылардың танымдық, шығармашылық дағдыларын, өз білімдерін өз бетімен құрастыра білу икемділігін, ақпараттық кеңістікте жөн таба білу іскерлігін дамыту, сыни тұрғыдан ойлауын дамыта аламыз. Сонымен қатар оқушы ізденіп, болжап, белгілі бір білім жиынтығына ие болып,  өзінің іс – әрекеті арқылы шешімін табуды, алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолдана білуді үйренеді.

Ғылыми жұмыстармен, жобалармен айналысатын бала- ол дарынды бала.  Өйткені ғылым мен техниканы, өндірісті қазіргідей әлемдік деңгейде дамыту үшін елімізге шығармашылықпен жұмыс жасайтын білімді, жоғары дайындығы бар білікті мамандар қажет. Ал ондай мамандар дарынды балалардың ішінен шығады. Дарынды балалар қоғам үшін басқаға қарағанда көп пайда әкеледі. Әрбір дарынды адам, еңбекке бейім, ол шығармашылық тапқырлықпен жігерлі еңбек етеді.

Біздің гимназияда жылда ғылыми-практикалық конференция өткізу дәстүрге айналған.  «Болашаққа қадам » ғылыми-практикалық конференциясының мақсаты – оқушыны жан жақты қалыптасқан, бәсекелістікке бейім жеке тұлға тәрбиелеу.     Осыны еске ала отырып бастауыш сыныптардан бастап ғылыми жұмыстармен айналысқан дұрыс екендігіне көз жеткіземіз.

Осы жолғы конференция оқушыларға ерекше әсер берді.Себебі:барлық ғылыми жоба дайындаған балалар тыңғылықты, ізденімпаздықпен, ерекше ыждағаттылықпен әзірленген екен. Мысалға, 3 сынып оқушылары Бекетаева Зарема  «Тәуелсіздік нышаны- қыран құс» және Смат Адия «Панасыз жануарлар» тақырыбындағы жобалары көп уақыт еңбектің жемісі екені байқалып тұр.Әр зерттеулері дәлелдермен келтірілген.Мектепішілік жүргізілген сауалнама нәтижесін сараптап, қорытынды жасаған.

Болашақта бұдан да ауқымды жобалар әзірлеулеріне бек  кәміл сенеміз.

 

Мақала авторы: Бастауыш сынып және өзін-өзі тану мұғалімі:

Ляззат Жумашевна Жетписбаева