Төкен Омаров атындағы Республикалық ғарыштық физика мен астрономиядан оқушылардың ғылыми жарысы туралы

25.04.2018

 

«Бөбек» ҰҒПББСО 2018 жылдың 22 – нен Төкен Омаров атындағы Республикалық ғарыштық физика мен астрономиядан оқушылардың ғылыми жарысы өтіп жатыр. Аталған іс-шараға құрметті қонақтар мен әділ қазылар алқасы да келіп жетті.

Қатысушылар ұзақ қол шапалақтау мен үлкен қаунышпен Қазақстанның Ұлттық батыры, ҚР ғарышкері-Аимбетов Айдын Ақанұлын қарсы алды. Ол өз сөзін «Ғарышқа жолым «Бөбектен» басталады деп қысқа және салмақты қайырды.