Сүйіспеншілік сабағы

12.04.2018

2018 жылдың 11 сәуірде «Бөбек»ҰҒПББСО  салтанат залында

«Өзін-өзі тану» гимназиясында адам үйлесімді даму институтының курсанттарымен Алғашқы Ханым Сара Алпысқызының кездесуі  болды.Курсанттар «Бөбек» орталығының  іс-әрекет нәтижелерінің «Сүйіспеншілікке арналған жүрек»атты фильмнін көріп тамашалады.Сонымен қатар  гимназия бітірішулерінің пікірлерімен танысты.Алғашқы Ханым дәстүр бойынша ,Сүйіспеншілік сабағын жылы лебізімен достыққа шақырған жантебірентер мейірімді әнімен бастады.Кездесушілер Алғашқы Ханыммен қарым-қатынастың әр минутын анасының қолдауымен кітап оқып отырған баладай сезіммен қабылдады. «Үндемей ойлану-нағыз шеберлік!», «Кешіру-ғұлама шеберлік!», «Сүйіспеншілік пен сыйластық-өзін-өзі тану негізі.»-деп ақыл берген еліміздің Дана Анасының сөздерін келген қонақтар өз блакноттарына жазып алып отырды.Рухани ананың ойына «Өзін-өзі тану» бағдарламасы қалай келгенін білу курсанттарға өте қызықты болды.

-Сара Алпысқызының рухани бай болуының қандай құпиясы бар?- мұғалімдер үшін қандай маңызы бар?

-«Адам болу»,- деп нақты айтты Сара Алпысқызы. Кездесу соңында адамды үйлесімді дамыту институтының директоры Колочева И.В. Сара Алпысқызына өзінің және орталықтың атынан «Рухани батыр» марапатын тапсырды. «Өзін-өзі танудың» негізі – бұл рухани білім беру. Тазалану – ақылдылық пен мейірімділік! Рухани ұстазбен әңгімелесуде педагогтар өмірдің ақылды сабағынан ләззат алды.

 

Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімдер

Бейсебаева Ж.И.

Орынбаева Г.О.