Тағы да жұлдыздар шақырады!

12.04.2018

12-ші сәуір күні  Халықаралық  ғарышқа  адам ұшқан күні.СССР құрамына кірген көп мемлекеттердің атауы бойынша-Ғарышкерлер күні.Аталған дәстүрлі  ғажайып  мерекеге  Республикалық  «Дарын» орталығы ұйымдастырған  Халықаралық «Әлемдік ғылымды ашамыз!»-атты  ғарыш әлемін зерттеу  ғылыми  сайысы  болды. «Өзін-өзі тану» гимназиясының оқушылары  сайысқа қатысуға қабылданды.Бұл  жылы 10 сынып оқушысы Ли  Дмитрий тек қана сайысқа қатысып қана қоймай, «Әлемге ортақ Астрафизика  эволюциясы» -атты өзінің ғылыми жобасымен үшінші дәрежелі дипломды жеңіп алды.

Ол ғылымға деген қызығушылығымен ғарыш  алаңдарына, музейлерге  саяхаттады. Байқоңыр қаласында  алғаш болған Дмитрий былай деді: «Бұл саяхат маған қатты ұнады! Бізге  космостың  алғаш ұшқан алаңын көру мүмкіндігі бұйырды. Мен Юрий Гагарин ұшқан алаңды көрдім. Маған бәрінен де ұнағаны , шағын қаладағы адамдардың  еңбекқорлығы  мен бұрынғы  кездегі  сақталған салт-дәстүрлері. Мен ұлы сезім мен қуанышқа бөлендім! Себебі,мен ғарышкерлер жүрген жерде жүріп,олардың қол тигізген затын ұстап көрдім.»

 

авторы:   Мартынова А.В.