Жас Мейірімділік Тудырушылардың мейірімді Щучинск қаласына сапары

11.04.2018

Өткен аптада Щучинск қаласының педагогикалық колледжінде «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын интеграциялау бойыншаөткен I Республикалық ғылыми-практикалық конференциясына бардық. Конференция тақырыбы «Жеке бастың  рухани-адамгершілік білімі: өзекті мәселелері мен перспективасы»

Сапарымыздың алғашқы күні есте қаларлықтай көңілді өтті. Бурабай курортына аралаған  кезде «Ракушка» алаңқайын көріп, Бурабай көлінің жағасында қыдырып жүріп, Абылай ханның тағын тамашаладық, «Табиғат мұражайы» өлкетану мұражайынабардық. Осы жерлерді аралаған кезде табиғаттың сұлулығытаңдандырып, ата-бабамыздан қалған тарихи және рухани мұраларды көргенде  кеудемізге мақтаныш ұялады.

Келесі күні біз үш тілде дайындаған «Сезіміміз, ойымыз, сөзіміз, ісіміздегі мейірім» және «Мейірімді істер – болашақтың іргетасы» атты жобаны  таныстырған конференция өтті. Конференцияға Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген өкілдері қатысты. Біз өз жобамыз арқылы жалпыадамзаттық құндылықтардың жаңғыруы мен рухани-адамгершілік білім беруді интеграциялау идеясы, ойы, зерттеулері,  тәжірибесімен бөлісті. Өз тәжірибемізді көрсете отырып, РАБ енгізутуралы   жаңа көзқарастар мен идеялар естіп, басқа да оқу орындарындағы жүргізіліп жатқан жұмыс  нәтижелерімен бөлісті. Біздің баяндамалар конференция материалдарының жиынтығына енгізілді.

Щучинск қаласында өткізілген конференцияға қатысып, бүкіл Қазақстаннан жиналған әріптестермен баға жетпес тәжірибе алмасуға мүмкіндік алғанымызға  өте қуаныштымыз.

 

 

Авторлар: «Өзін-өзі тану» гимназиясының 9 сынып оқушылары

Байсултанова Милана, Сластен Дарья, Булатов Акежан