“Бөбек” Орталығында Алексей Бабаянцтың авторлық семинары болып өтті

09.04.2018

Психолог Алексей Бабаянцтың семинары балаға рухани-адамгершілік тәрбие берудегі және баламен үйлесімді қарым-қатынас орнатудағы тиімді механизмдерді жан-жақты талқылауға арналды. Семинар мазмұнында мынадай негізгі сұрақтар қарастырылды: баламен жағымды ынтымақтастық орнату, ұл баланы және қыз баланы тәрбиелеудің ерекшеліктері.

Дәрісте берілген ақпараттар мен үшін жаңа, қызықты және практикалық тұрғыда өте пайдалы болды. Себебі, баламен ынтымақтасудың классикалық педагогикадағы үлгісінен бөлек қыры ашылды. Осы уақытқа дейін «ынтымақтастық» феноменін түсіну тек ересектер, ата-аналар мен педагогтар тарапынан қарастырылса, Алексей Бабаянц бала санасындағы ынтымақтасу түсінігін зерттеп, жаңа нәтижелерге қол жеткізген.

Сонымен қатар, ұл бала мен қыз балаға тәрбие беру кезіндегі маңызды нәрсе – олардың шынайы табиғаты мен өмірлік міндеттерін жастайынан бойына сіңіру, оның рухани-адамгершілік мәдениетін жастайынан қалыптастыру  ата-ана мен педагог алдында тұрған маңызды міндет екені түсіндірілді.

Қорыта айтқан да, семинар жұмысынан алған әсерім өте жағымды. Есесек адам ретінде, болашақ ата-ана ретінде өзіме көптеген жаңа мәліметтер мен шабыт алдым. Өз бойымдағы қандай кемшіліктерден құтылып, қандай қасиеттер мен құндылықтарды жарыққа шығару қажеттігін түсіндім. Лектордың жеке басының мәдениеті, аудиториямен жұмыс істеу тәсілі де өте ұнады.