Сара Алпысқызы Назарбаева – «Рух қаһарманы» құрметті атағының иегері

26.03.2018

Ізгілік педагогика  қозғалысының тарихында алғаш рет «Рух қаһарманы» құрметті атағы тағайындалды. Осы құрметті атақтың әлемдегі бірінші иегері–Қазақстан Республикасының Бірінші Ханымы, «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру  бағдарламасының авторы Сара Алпысқызы Назарбаева!

Наурыз айының 23-25-і күндері Баку қаласында  өткен XVII Халықаралық педагогикалық  оқулардың делегаттары  Халықаралық қоғамдық  қазылар алқасының бұл шешімін үлкен ризашылық танытып, қошеметпен қабылдады.Бұл құрметті атақ Сара Алпысқызының ізгілік  құндылықтарын, жақсылық пен әділдік мұраттарын елімізде  ғана емес, бүкіл әлемде  бекітуге  бағытталған көпжылдық жасампаз қызметінің халықаралық деңгейде кезекті рет мойындалуының нәтижесі болды.

Құрметті Сара Алпысқызы,  біз Сізді  шын жүректен құттықтаймыз! Сіздің адамдарға қызмет етуіңіз – бүкіл әлем үшін, бүкіл адамзат үшін баға жетпес ұлы үлгі. Біз Сізбен бірге Өзін-өзі  тану жолында бірге  жүргеніміз үшін, өскелең ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие беруде Сіздің пікірлестеріңіз болғанымыз үшін өзімізді  шын бақытты санаймыз.

Сіздің  адамдардың  игілігіне арналған жарқын да асқақ армандарыңыз одан әрі  орындала  берсін!

 

«Бөбек» Ұлттық Орталығының ұжымы