Наурыз-Көктем, Наурыз – Мереке!

20.03.2018

Ежелгіжылсанағыбойынша, 22 наурыз күн мен түнтеңелетін күн. Наурыз – жылдыңбіріншікүні, жыл басы, көктемніңалғашқыайы. Наурызмерекесінқазақхалқы «Армысың, ӘзНаурыз», «Әзболмай, мәзболмас» депқарсыалған.

19  наурыз күні «Бөбек» ҰҒПББСО «Өзін-өзі тану» гимназиясында ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар өтілуде.

10 «А», 3 «В» сыныптарының ұйымдастыруымен «Наурыз- шаттық мерекесі» атты мерекелік  шаттық шеңбері болып өтті. 3 «В» сынып бүлдіршіндері «Сұлу қыздар» биін мың бұрала биледі. 11 «А» сынып оқушысы Тұрсынәлі Жаншырай «Наурыз» өлеңін шеберлікпен орындап, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Соңында 10 «А» және 3 «В» сыныптары  «Қара жорға»  биін билеп, Наурыздың тек жыл басы емес, бірлік пен шаттықтың мерекесі екенін көрсетті. Мереке әрі қарай сынып сағаттарында жалғасын тапты.