Табиғат ғажайыптары

16.03.2018

Күн сәулесі төгілгені әдемі,
Алуан түрлі қызыл гүлдер әдемі.
Жаны таза, ары таза адамның

Күндей күлген күлкісі де әдемі.
“Өзін-өзі тану” оқу-сауықтыру кешенінде балалардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, табиғаттағы сұлулықты көре білуге үйрету мақсатында “Табиғат ғажайыптары” атты шығармашылық кеш өткізілді.

Кеш барысында 2-топ балалары туған жердің сұлулығын әнге қосты, өлең шумақтарын нақышына келтіре оқып, табиғаттың мезгілдік құбылыстарын әсем билерімен көрсете білді. Музыкамен өрілген шығармашылық кеште оқушылар “Бүркіт пен қарға” әңгімесін сахналау арқылы көрермендерге жалпыадамзаттық құндылықтардың мәнін ұғындырды.

Табиғатқа деген сүйіспеншілік пен шығармашылық үйлесім тапқан кеш өте жоғары деңгейде өтті.