«Золотой ключик»балалардың шығармашылық байқауы

13.03.2018

Наурыздың  5-і күні «Өзін-өзі тану» балабақшасында «Золотой ключик» атты балалардың шығармашылық  байқауы өтті. Байқауға балабақшамыздың, 2-ші сәбилер тобынан бастап, ниет білдірген барлық балалары қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.

–Байқаудың мақсаты-балаларды шығармашылық әрекетке тарту, дарынды балаларды анықтау және қолдау, олардың танымдық қызығушылықтарын ынталандыру, достыққа, ұйымшылдыққа, кеңпейілділікке, бір-бірінің жетістіктеріне қуана білуге тәрбиелеу. Шығармашылық мерекесінің мақсатына жеткенін балалардың бал-бұлжанған жүздерінен, көтеріңкі көңіл-күйінен-ақ байқауға болады. Байқауда 2-ші сәбилер тобынының бүлдіршіндері де аға-әпкелерінен қалыспай өз  өнерлерін көрсетіп көрермендердің сүйіспеншілігі мен қошеметіне бөленді.