Білімдіге нұр жауар

02.03.2018

19,23 ақпанда Тұран университетінің ұйымдастыруымен қалалық ғылыми жобалар байқауы өтті.

«Өзін-өзі тану» Адамның үйлесімді дамуы гуманитарлық колледжі болашақ педагогтар дайындап қана қоймай, студенттерді қоғамдық жұмыс, ғылыми, мәдени іс-шараларға да жіберіп, қабілеттерін шыңдауға мүмкіндік береді. Бұған дәлел 23.02.18 күні Алматы қаласы, «Тұран» университеті ұйымдастырған «Тұран үміті-2018» колледж студенттері арасындағы ғылыми жобалар байқауына екі студентіміз қатысты. Нәтижесінде Муханова Әсел Маратқызының жетекшілігмен ӨТМ-103 тобының студенті Баянғазы Әмір, «Түпнұсқалылығы үшін” номинациясымен, ал ҚМ-205 тобының студенті Науан Гүлнұр (жетекшісі Маглумова Гүлім Сенбекқызы) жүлделі 1- орынды иеленді. Ұстаздарымыз бен шәкірттеріміздің әрдайым биік белестерден көрінуіне тілектеспіз!