Концерт «Бәрінің бастауы сүйіспеншілік»

16.02.2018

6.02.2018 ж.күні «Өзін-өзі тану» гуманитарлық колледжінде «Өзін-өзі тану: сүйіспеншілік және шығармашылық педагогикасы» аясында өтіп жатқан іс-шаралар «Бәрінің бастауы сүйіспеншілік» атты концерттік бағдарламамен өз жалғасын тапты. Концерт барысында Сара Алпысқызының сүйікті әндері «Айналайын», «О доброте» және т.б. орындалды. Студенттер адамгершілікке, мейірімділікке толы өмірді баяндаған театрланған қойылым қойды. Концерт соңында колледждің ұстаздары Сара Алпысқызына алғысын «Ризамын бүгінге» әнімен жеткізді.