«Өзін-өзі тану: сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігі «Өзін-өзі тану» балабақшасында

14.02.2018

«Адамның жүрегі – сүйіспеншіліктің алтын ұясы»

халық даналығы

Онкүндік аясында балабақшадағы әркүн «Алтын жүрек анамыз» атты шаттық шеңберінен басталды. Балалар бір-бірлеріне жақсылық   тілеп, мейрімділікпен қарсы алды. 12 ақпанда  «Мейірімділік – адам жүрегіне жылу беретін шуақ» атты мейрімділік сабақтары өтті. Бұл сабақтарда мысалдар арқылы «мейірімділік» түсінігінің өмірде алатын орны туралы түсінідіріліп, айналамыздағыларға мейірімділік, қамқорлық жасай алуға үйретті.7 ақпан күні «Мейірім төгетін ана» көрмесіөтті.

Жүрек шексіз мейірім мен махаббатың символы, «Кішкентай жүректен –  алтын жүрекке!» атты флеш-мобы арқылы біздің балабақша бүлшіндері шын жүректен барлық жер шары тұрғындарына бейбітшілік, махаббат және бірлік тілейді.