Туған күніңізбен, Сара Алпысқызы!

09.02.2018

12 ақпан күні Қазақстанның Бірінші Ханымы, «Бөбек» Қайырымдылық қорының президенті, білім берудегі «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік Бағдарламасының авторы Сара Алпысқызы Назарбаева туған күнін атап өтеді. Туған күн иесіне Қазақстанның түкпір-түкпірінен және шет мемлекеттерден мыңдаған адамдар ең ізгі, шынайы тілектерін арнайды.

Құрметті, Сара Алпысқызы! Ақпанның осынау күнінде тағдырдың керемет сыйы – Сізбен кездесу бақыты бұйырғанына алғысымызды білдіреміз. Біз Сізбен замандас болғанымызға, Сізден шынайы даналықты үйренгенімізге және Сіздің шексіз сүйіспеншілігіңіз секілді баға жетпес сыйыңызға ие болғанымызға бақыттымыз.

Сіз өз өміріңізді қоғамға, балаларға қызмет етуге арнадыңыз. Сіз үлкен аналық жүрегіңізбен шынайы әрі риясыз сүйе білесіз және бізді осыған үйретіп келесіз. Сіз балаларға ең негізгі білім – өзі туралы білімді қайтардыңыз, оларға өзін, қоршаған  әлемді тануды және өзіндегі Адамды ашу мүмкіндігін сыйладыңыз. Сіз жаққан шырақ  біздің  жүрегімізді жылытады, өмірдің салтанаты мен жалғастығы үшін мызғымас рухани құндылықтарды жандандырады!

Біз Сізді туған күніңізбен құттықтаймыз! Шын жүректен Сізге денсаулық, қуаныш, бақытты күндер, үйіңізге жылылық пен жайлылық тілейміз! Сіздің адамдардың  игілігі  үшін ойлаған ойларыңыз бен армандарыңыз әрқашан орындала берсін! Әлемде адам өмірінің мәні болған  Ізгілік пен  Сүйіспеншілік сарқылмасын!

Қазақстан педагогтары