Елбасының жолдауы -2018

26.01.2018

24 қаңтар күні «Бөбек» орталығында Қазақстан Республикасының Президенті-  Ұлт Көшбасшысы Н.А. Назарбаевтің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы бойынша талқылу өтті.

Бас директордың міндетін атқарушы Елена Сакенова жиынды аша отырып, Елбасының еліміздің ұстаздары алдына дәл бүгінгі күні қалай жұмыс жүргізу қажеттігі жайлы жауапты міндеттер қойғанын және «үнемі өзгерісте болатын жаңа білімді меңгеруге деген қабілеттілік пен бейімділікті дамыту- оқыту бағдарламаларының басымдылығы болуы қажеттілігін» атап өтті.
Орталық қызметкерлерінің семинар- кеңесінде сөз алған Аршагүл Рысбаева,  Анжелика Карабутова, Сарсенказы Сүлейменовтер «Адами капитал-  жаңғыру негізі» атты жетінші міндеттің мазмұны мен ондағы айтылған ой «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасымен үндесе келіп, жас буынның дамуы мен тәрбиесіне бағытталғанын  сөз етті.