«Бөбек» ҰҒПББСО, «Өзін-өзі тану» гимназиясында 2018 жылдың 15 қаңтар мен 19 қаңтар аралығында бастауыш сынып әдістеме бірлестігінің пәндік апталығы болып өтті.

24.01.2018

Апталық тақырыбы:

1 сыныпта жұмыс істейтін мұғалімдердің панарамалық сабақтары:
«Білімді адамнан –  шығармашыл ойлауға және өзін-өзі дамытуға қабілетті адамға дейін»

Апталық мақсаты:

12 жылдық мектеп жағдайында Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесін жетілдірудің даму стратегиясы мен тәсілдерін енгізуді пән мұғалімдерінің көрсетуі.

Ашық панарамалық сабақтарды  0 және 1 сынып оқушыларымен өткізуге

15 бастауыш сынып және пән мұғалімдері  қатысты және осыған сәйкес 15ашық сабақ өткізілді.

Сабақ берген мұғалімдер осы іс-шараларда көрсетілгендей әрбір сабақтарына МЖМБС талаптарының орындалуына сәйкес РАБ бағдарламасын интеграция шараларын енгізіп, үш тұғырлы тіл және айтулы күндер мен оқиғаларға байланысты, сол сияқты  «Мәңгілік ел» Ұлттық идеясы, «Рухани жаңғыру»,

ХХVІІІ Бүкіләлемдік Универсиада жағдайлары көрініс берді. Гимназия мұғалімдері әр сабаққа асқан жауапкершілікпен дайындалған.Мұғалімдер өз сабақтарына ақпараттық-коммуникациялық технологияларды шеберлікпен белсенді түрде қолданды, әрі білім беру бағдарламасының жаңа мазмұны элементтерін, сыни тұрғыда ойлау стратегиясын, пән бойынша РАБ ішкі интеграцияны пайдаланды,

бұл пәннен өткізілетін сабақтың сапасын арттырып отырды.

Қуаныштысы сол, 0 және 1 сынып оқушылары сабақ барысында рухани құндылықтар мен қасиеттерді бойларына сіңіріп, достық , мейірімділікпен, пәк жүректерімен сабаққа ерекше бір әсер беріп отырды.Өз ойларын еркін жеткізіп, тапсырма барысында қиналған кездері болса, бір-біріне көмек беріп, жаңартылған бағдарламаға сәйкес бағалау түрлерін еркін меңгергені байқалып тұрды.Әсіресе,

1 «А» сынып оқушылары апталық барысында   барлық пәннен өз білімдерін ортаға салып, ерекше көзге түсті.

Барлық сабақтар әдістемелік жағынан өте жоғары деңгейде өткізілді, сабақ тіпті «бір ғана деммен» өтілгендей әсер қалдырды.

Қазақ  бастауыш сыныптарының өткізген іс-шаралары – Жумадилова Бақытгуль Бургантаевна (Сауат ашудан: «Ж дыбысы мен әрпі» сабағы),

Ахметов Садир Бахтиярович (Музыка:  «Көңілді саяхат»),

Ауезаитова ЖанатТурсыновна  (Математика: «Минут»),

Куандыкова Бакыт  Созакбаевна (Орыс  тілі:  «Путь в школу»),

Утебаева Сауле Султановна (Үйірме  «Би әлемі»:«Укрепление и развитие стопы», Салкинов Асқар Сайлауұлы (Дене шынықтыру:«Ұлттық ойындар»),

Утепова Асель Нурлановна (Ағылшын тілі: «My food» «Менің тағамым»).

Сара Алпысқызының «Өзі жайлы, өмір жайлы білім алмай тұрып, бала толыққанды адам бола ала ма?Тіпті қазір оны барлық қажет нәрселермен қамтамасыз етсең де, ол ержеткенде өзі танымаған, түсініксіз әлемде жалғыздық күй кешеді. Яғни, рухани тұрғыдан жадағай адам болып шықпай ма?»

Бастауыш сынып ұстаздары «Жанды білім. Мұғалім – бала жанының айнасы» тақырыбында «Дөңгелек үстел» іс-шарасында осы сұрақтың жауабын табуға тырысты.

Әр педагог өзінің іс тәжірибесімен бөлісіп, интеграциялау тәсілдерін ортаға салып, талқылады.

Іс-шарада көрсетілгендей педагогтардың қажырлы да талмай ізденулерінің жемісі сабақты сауатты түрде өткізуге ықпал етті, шебер ұстаздар өздерінің іс-тәжірибелерін жетістікпен көрсете білді, өз құзіреттіліктерінің көтерілуіне себепкер болды, РАБ бағдарламасын өз сабақтарында интеграциялауды қолдану өнері шеберліктерінің сыйқыры ашылғандай әсер қалдырды. Бүгінгі ашық сабақтар – әр мұғалімге ертеңгі күннің шебер педагогтары, іскер мамандар болатынының дәлелі еді.

 

Мақала авторы: Бастауыш сынып және өзін-өзі тану мұғалімі:

Ляззат Жумашевна Жетписбаева