Алматы қаласының көрікті жерлері

10.10.2017

Саяхат балалар мен жасөспірімдерге білім беру мен тәрбиелеу ісінде маңызды роль атқарады және кешеннің тәрбие жұмысының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, рухани мәдениетін көтеру мақсатында түрлі саяхаттар ұйымдастырылды: Алматы қаласының көрікті орындарына саяхат, Тұңғыш Президент паркі, “Медеу” мұз айдыны, “Көк-Төбе” паркі, “Ғылым Ордасы” мұражайлары, ҚР-ның Мемлекеттік мұражайы, “Бөбек” орталығының Обсерваториясы, Алматы қалалық хайуанаттар саябағы. Мұражайлар мен көрме залдары балаларды өнерді түсініп, қарапайым құбылыстардан сұлулықты сезінуге үйретеді.

С.Бегалин атындағы Мемлекеттік кітапханаға, “Sary-Arka” кинотеатрына, Алматы қалалық қуыршақтар театрына апару балаларға таным қуанышын сыйлайды.