Ана – біздің күніміз

07.12.2016

2017 жылдың 2-7 наурыз аралығында   «Өзін-өзі тану» балабақшасында 8 наурыз мерекесіне орай «Ана – біздің күніміз» атты  ертеңгіліктері өтті.  Әрбір ертеңгілік балалардың жас ерекшеліктеріне және эмоционалдық дамуына орай дайындалды. Негізінен бірде-бір бала назардан тыс қалған жоқ. Балалардың әр қайсысы тақпақ айтып, бірге би билеп, ойындарға қатысты. Ертеңгілікте қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде ән шырқалды. Ата-аналар да ойындарға қатысып, ертеңгіліктің қызықты өтуіне ат салысты. Барлық топтарда ертеңгілік жоғарғы деңгейде өтті. Ертеңгілік барысында  «Бөбек» орталығының негізін қалаушы Сара Алпысқызына зор алғыстарын білдіріп,  әйелдер мерекесі күнімен құттықтады. Сонымен қатар, барлық топтың ата-аналары бұл керемет орталықтың құрылуының 20-жылдығымен құттықтап, махаббат, жақсылық және өзара түсіністік тіледі.

Бала бақшасының ең кішкентай бүлдіршіндері – «Ромашка» және «Жұлдыз»                2 кіші топтың балалары. Олар ата-аналарының алдында өнерлерін көрсетуге дайындалып, қобалжып, өлең, тақпақ жаттап, би үйренді. Иә, сонымен ол күнге де жеттік. Ата-аналар көктемгі тақырыпта керемет безендірілген, әшекейлендірілген музыкалық залда отырды, олар да демдерін ішке тартып, өздерінің кейіпкерлерін күтіп отырды. Мінекей, көктемгі ән шырқаумен дүниедегі ең керемет балақайлар кіріп келді. Олар залға таң қалып қараған көздерімен, аналары мен әжелерін іздеуде. «Көктемгі көгалда» және «Ананың мысықтары» атты билерді көріп, барлығы тамсана таңдай қақты. Осындай әсерлі биді тамашалап, ата-аналар қуанғандарынан көздеріне жас алды. Мерекелік ертеңгілікте негізінен балаға деген сүйіспеншілік айқын байқалды. Жүргізуші мен мереке кейіпкерлерінің әрбір сөзі мен ісінен балаға деген қамқорлық пен махаббат байқалды. Олар өз істерінің нағыз кәсіби мамандары, сондықтан да осындай ұмытылмас мереке туындады.

«Цветик-семицветик» тобындағы ертеңгілік мазмұны бойынша «Менің сүйікті анама» тақырыбына лайықты болды. Бұл жақсылықтың, нәзіктіктің, махаббаттың нышаны болды. Ол керемет бір шабытта өтті.

«Колокольчики» және «Пчелки» топтарының балалары мерекелік шарада келген қонақтарды зеріктірмеді. Аналарының есімдері жазылған жұлдызшаларды көк аспан бейнеленген ғаламшарға жеке-жеке іліп, ерекше мейіріммен аналары  туралы айтып берді. Аналары да өз жұлдызшаларымен көңілді әуенде тербеліп би билеп, көңіл көтерді.

«Күншуақ» тобының балалары аналары мен әжелеріне деген өз құттықтауларын концерт түрінде ұсынды, бағдарламаның ең қызықты бөлігі ұлдардың орындауындағы «әжелер-апалар» биі болды.

 «Ботақан» ересектер тобының балалары алыстағы жалындаған Африка еліне  кемемен саяхаттады. Олар өздерінің сүйікті аналарына ең ерекше гүлді іздеді. Қарақшыларды мейірімділікке бөлеп, өзгерткен сәттері әсерлі болды.

Құлыншақ» дайындық тобының әрбір баласы өз анасының алдында өнерлерін көрсетті.  Сонымен қатар ертеңгіліктің бастамасындағы аналардың кіруі өте ерекше болды. Себебі тәрбиешінің ұйымдастыруымен әкелер, аналарды құрметпен жеке-жеке музыка ырғағымен алып кірді. Гүлдер ертегісінде қыздар өздерін қандай әдемі екендерін көрсете білді. Балалар өздері жасаған орамал сыйлықтарын сыйлап аналарын қуантты. Мереке тамаша көңілмен, бақытпен, қуанышпен аяқталды.

Шын жүректен  барлық әйелдер қауымын  көктемгі 8-наурыз мерекесімен құттықтаймын! Осы керемет балабақшаның тәрбиешілеріне ұзақ жылдар бойы жүздеріне күлкі үйіріліп, балаларға деген жүректен шыққан сүйіспеншілік пен нәзіктік тілеймін. Олардың балаларға берген барлық мейірімдері өздеріне үш есе жақсылық болып қайтсын дегім келеді. Олардың кішкентайларға берген жарық сәулесі барлығының бақытқа апарар ең қысқа жолы болсын!

«Өзін-өзі тану» балабақшасының тәрбиешісі:  Аубакирова Ш.Қ