«Қуаныш және үйлесім атмосферасында» педагогикалық кеңес

11.11.2016

26.01.2017 ж. «Өзін-өзі тану» балабақшасында «В атмосфере радости и гармонии» атты педагогикалық кеңес өтіп, әдіскер Б.Т. Ушбаева «Состояние игровой деятельности детей и ее влияние на нравственно-физическое развитие детей» атты анализін баяндады.

Анализде мектепке дейінгі балалардың басты іс-әрекеті ойын жайлы сұрақтар толығымен ашылды. Педагогтар назарына заттық және рухани іс-әрекет рөлін атқаратын ойын туралы презентация ұсынылды. Педагогтар ойын үстінде қалай түрлі тәрбиелік сәттерді, адамның адамгершілік міне-құлық үлгілерін көрсетіп бекітуге болады? Ойында әрқашан физикалық, адамгершілік және танымдық іс-әрекеттердің элементтері кездеседі. Ойын әрекетінде қарым-қатынас іс-әрекет және құндылықты бағыты ретінде рөл атқарады. Егер педагог ойынды балаларға түрлі жоспардағы жаңа білімді игерту тәсілі ретінде кәсіби түрде жүзеге асырып қолданса, көздеген мақсатына жетуіне көмектеседі. Әсіресе қарым-қатынас немесе өмірді рухани түсіну элементтерінен тұратын ойындарды қолданса. Ойынның әртүрлілігі баланың түрлі іс-әрекетке тез бейімделуіне септігін тигізеді. Сондықтан да ересек мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу үдерісіне ойынды көптеп кіріктіру керек. Балаларды мектеп рельсіне қоюға асықпау керек. Балалармен жүргізілген (әңгімелеу, социометриялық мәліметте) жұмысты айтып берді. Осы баяндама негізінде балабақшадағы балалардың адамгершлік-физикалық даму жағдайын жеткізді.

Тәрбишілер А.К. Маулетова және Л.М. Тулендинова «Важность игры для гармоничного развития детей» және «Место игры в пространстве детского сада и ее влияние на воспитание, и развитие ребенка» атты жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Олар адамгершілікке тәрбиелеу үдерісінің өзіне тән ерешелігі мен ұйымдастыруда қиындықтар болатынын, дегенменде ересек балаға әсер етуге қабілетті және мақсатты түрде адамгершілік-физикалық сапалар мен түсініктерді, мінез-құлық мәдениетін қалыптастыратынын баяндады. Мұнда ойынның әртүрлі түрін қолдану көмектеседі. Физикалық тұрғыда дамыған, мықты, күшті, дені сау адам мейірімді, шыдамды болуға тиіс және көмекке зәру жандарға қол ұшын соза отырып, өзінің білігі мен күш-жігерін тек жақсылық жасауға жұмсауы керек.

«Ойын кеңістігі» көрмесінде педагогтар мектеп жасына дейінгі балалардың рухани-физикалық дамуына ықпал ететін қызықты ойындар әзірледі. Олардың арасында «Игі істер ағашы», «Мейірімді Фея», «Сиқырлы текше», сонымен қатар жолда жүру ережесі бойынша көркем дайындалған ойындар ерекше назарда болды.