«Бөбек» ҰҒПББСО 222 мемлекеттік бағдарламасы бойынша Педагог мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарының 2017 жылға арналған іс-шаралар жоспары

Курстың тақырыбы Курстың деңгейі Тыңдаушылардың категориясы Өткізу уақыты Тыңдау -шылар

саны

Оқытылу тілі
1 «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері Қысқа мерзімді Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтары 23 қаңтар-

3 ақпан

50 Мемлекеттік және орыс тілінде
2 «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері Қысқа мерзімді Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтары 20 ақпан –

3 наурыз

50 Мемлекеттік және орыс тілінде
3 «Өзін-өзі тану» пәнінің ғылыми-әдістемелік негіздері Қысқа мерзімді Білім беруді басқару мекемелері мен білім беру ұйымдарының басшылары 3-7 сәуір 50 Мемлекеттік және орыс тілінде
4 «Өзін-өзі тану» пәнінің ғылыми-әдістемелік негіздері Қысқа мерзімді Білім беруді басқару мекемелері мен білім беру ұйымдарының басшылары 17-21 сәуір 50 Мемлекеттік және орыс тілінде
5 «Сабақтағы Жалпыадамзаттық құндылықтар» курсының ғылыми-әдістемелік негіздері және өткізу практикасы Қысқа мерзімді «Өзін-өзі тану рухани- адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша «Өрлеу» БАҰО АҚ-ның сертификатталған тренерлері 22-26 мамыр 32 Мемлекеттік және орыс тілінде
6 «Жалпыадамзаттық құндылықтар сыныптың біртұтас педагогикалық үдерісінде » Ұзақ мерзімді Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтары 18 қыркүйек-24 қараша 50 Мемлекеттік және орыс тілінде
  Барлығы 6 курс     282  

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығы, қосымша 3

«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламалары бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарын оқуға үміткер педагогика кадрларына қойылатын талаптар
«Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар»

Талаптар
1.
  • Жоғары педагогикалық білім, педагогикалық өтілі бір жылдан кем емес;

  • Жоғары техникалық және кәсіби (арнаулы кәсіби) білім, педагогикалық өтілі үш жылдан кем емес.

2. Рухани-адамгершілік тақырыбында мектепішілік конференциялар, семинарлар, форумдарды дайындау және өткізу барысында іс-тәжірибелерін (басылым, көрме материалдары) тарату
3. «Өзін-өзі тану» РАББ бағдарламасы бойынша жұмыс өтілі 1 жылдан кем емес.
4. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында базалық білімді меңгеруі: MS Windows, MS Office, Internet, электрондық пошта (әрі қарай АКТ).

«Сыныптың біртұтас педагогикалық үдерісіндегі жалпыадамзаттық құндылықтар»

Талаптар
1. Жоғары педагогикалық білім, педагогикалық өтілі 5 жылдан кем емес;

Жоғары техникалық және кәсіби (арнаулы кәсіби) білім, педагогикалық өтілі 7 жылдан кем емес.

1. Рухани-адамгершілік тақырыбында аудандық, қалалық, облыстық конференциялар, семинарлар, форумдарды дайындау және өткізу барысында іс-тәжірибелерін (басылым, жинақ, ұсынба, құрал, көрме материалдары) тарату.
2. «Өзін-өзі тану» РАББ бағдарламасы бойынша жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
3. «Бөбек» ҰҒПББСО «Жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде оқыту» туралы курс сертификатының болуы.
4. Екінші санатты біліктілігінің болуы.
5. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында базалық білімді меңгеруі: MS Windows, MS Office, Internet, электрондық почта (әрі қарай АКТ).

* 2020 жылға дейін 2013 жылдың 1 сәуірінен бұрын «Бөбек» ҰҒПББСО 72 сағаттық курсынан өткен сертификатының болуы жеткілікті

«Мектептің біртұтас педагогикалық үдерісіндегі
жалпыадамзаттық құндылықтар»

Талаптар
1. Жоғары педагогикалық білім, 7 жылдан кем емес педагогикалық өтілі;

Жоғары техникалық және кәсіби (арнаулы кәсіби) білім, педагогикалық өтілі 10 жылдан кем емес.

2. Рухани-адамгершілік тақырыбында аудандық, қалалық, облыстық, халықаралық конференциялар, семинарлар, форумдарды дайындау және өткізу барысында іс-тәжірибелерін (басылым, жинақ, ұсынба, құрал, көрме материалдары) тарату.
3. ҚР және шетелдік педагогикалық баспаларда  рухани-адамгершілік бағытында  басылымдарды жариялауы немесе ҚР оқу орындарында рухани-адамгершілік бағытында әдістемелік құралдар және  оқу бағдарламалар жасақтауы / жасақтауға қатысуы.
4. Жас педагогтерге  тәлімгер ретіндегі жұмысы, аудан, қала, облыс, халықаралық деңгейлерде оқыту семинарлары, тренингтер өткізуі
5. «Өзін-өзі тану» РАББ бағдарламасы бойынша жұмыс өтілі жеті жылдан кем емес.
6. «Бөбек» ҰҒПББСО «Сыныптың біртұтас педагогикалық үдерісіндегі  жалпыадамзаттық құндылықтар»  туралы курс сертификатының болуы.
7. Бірінші  санатты біліктілігінің болуы.
8. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында базалық білімді меңгеруі: MS Windows, MS Office, Internet, электрондық пошта (әрі қарай АКТ).