www.ozin-ozi-tanu.kz интернет-порталы туралы

эмблема Дерево партал (1)

 

Адамның үйлесімді дамуы институтының шығармашылық ұжымы «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бойынша балаларға, оқушы жастарға, ата-аналар мен педагогикалық жұртшылыққа арналған көпсалалы интернет-порталын әзірледі.

«Бөбек» орталығының ұжымы адамгершілік-рухани білім бойынша әртүрлі ақпарат ұсыну міндетімен қоса интернет-порталдың негізінде педагогтердің, оқушы жастар, оқушылар мен олардың ата-аналарының қауымдастығын құру мақсатын көздейді.

Балабақша педагогтеріне: «Педагогикалық шеберхана», «Педагогикалық идеялар фестивалі», «Педагогикалық форум», «Педагогикалық қоржын», «Портфолио».

Мектеп педагогтеріне: «Педагогикалық шеберхана», «Педагогикалық мұра», «Педагогикалық идеялар фестивалі», «Педагогикалық форум», «Портфолио», «Электрондық кітапхана», «Бейнегалерея».

Колледждер мен ЖОО педагогтеріне: «Педагогикалық шеберхана», «Ғылыми кеңес», «Педагогикалық форум», «Портфолио», «Электрондық кітапхана», «Бейнегалерея».

Порталдың басқару жүйесі бір шағын сайттан екіншісіне жылдам ауысу арқылы іздеуді жылдамдатып, ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Порталдың электрондық базасында ғылыми-білімдік материалдар, атап айтқанда монографиялар, мақалалар, баяндамалар, оқу-әдістемелік құралдар орналастырылған. Порталдың электрондық пошта, іздеу жүйесі, контентті басқару жүйесі, навигация жүйесі тәрізді заманауи функционалдық құралдары жұмыс істейді.

Портал оқу үдерісін басқарудың оптималды жүйесі бар қашықтықтан оқыту жүйесімен қамтылған. Қашықтықтан оқыту жүйесінің адамгершілік-рухани мазмұнды білім бағдарламаларын игеруге мүмкіндік беретін барлық қажетті құралдары бар. Мысалы, қашықтықтан оқытудың «Әлемдік көркем мәдениеттің адамгершілік-рухани әлеуеті үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеу құралы ретінде» атты алғашқы бағдарламасы әзірленді.