«Өзін-өзі тану.kz» Республикалық ғылыми-әдістемелік журналы

«Өзін-өзі тану.kz» республикалық ғылыми-әдістемелік журналы 2010 жылдың қаңтар айынан бастап шығады. Журналда Қазақстан Республикасындағы рухани-адамгершілік білім беру мәселелері кеңінен жарық көреді. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасы бойынша ғылыми-әдістемелік мақалалар, балабақшадағы, жалпы білім беретін мектептегі, колледждер мен жоғары оқу орындарындағы «Өзін-өзі тану» пәнінің сабақ әзірлемелері, педагогтар мен шәкірттердің шығармашылық жұмыстары және рухани-адамгершілік білім беру бойынша басқа да материалдар жарияланады.

  • журнал ай сайын шығады

  • материалдар қазақ және орыс тілдерінде басылады

  • түрлі-түсті, көлемі 104 бет

  • барлық материалдар тегін жарияланады

«Өзін-өзі тану.kz» журналының мақсаты рухани-адамгершілік тұлғаны тәрбиелеуге бағытталған «Өзін-өзі тану» пәнін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету болып табылады.

Журналдың ең маңызды айдарлары: «Кәусар бұлақ тұнығынан», «Өзін-өзі тану мұғалімінің шеберханасы», «Өзін-өзі тану кітапханасы», «Өзін-өзі тану педагогінің қоржынына». Бұл айдарлардағы материалдар өзін-өзі тану педагогын дамытуға және олардың кәсіби іс-әрекет деңгейін арттыруға бағытталған.

«Кәусар бұлақ тұнығынан» айдарындағы материалдардың мазмұнында өскелең ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие мен білім беру идеялары қамтылған.

«Өзін-өзі тану мұғалімінің шеберханасы» айдарында балабақшадағы, жалпы білім беретін мектептегі, колледждер мен жоғары оқу орындарындағы сабақ әзірлемелері жарияланады. Барлық сабақтар «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының жаңартылған әдістемесіне сәйкес әзірленеді.

«Өзін-өзі тану кітапханасы» айдарында мұғалімдердің назарын балалар мен жастарға рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие берудің түрлі салаларына аудартатын әйгілі педагогтардың шығармаларынан үзінділер жарияланады.

Материалдарды іріктеу және талдау жұмыстары «Бөбек» ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институтының ғылыми қызметкерлері – педагогика ғылымдарының кандидаттары мен докторларының қатарынан жасақталған редакциялық алқа тарапынан атқарылады.

Бірақ, ең алдымен «Өзін-өзі тану.kz» журналының мазмұнын жасақтауға республиканың барлық аймағындағы оқырмандардың өздері белсенді түрде атсалысады. Өздеріңіздің мақалаларыңызды, әзірлеген сабақтарыңызды, әдістемелік материалдарыңызды, сондай-ақ Өздеріңіздің және шәкірттеріңіздің шығармашылық жұмыстарын жолаңыздар.

Сіздердің жұмыстарыңызды күтеміз және Сіздермен ынтамақтастық орнатуға асығамыз!

обложка 3 обложка 4 обложка 2 обложка 1

«Өзін-өзі тану.kz» журналының жазылу индексі – 74286

Индекс «Газеттер мен журналдар» каталогында көрсетілген.

Жазылуды «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінде ресімдеуге болады.

Барлық сұрақтар бойынша «Өзін-өзі тану.kz» журналының редакциясына хабарласуды сұраймыз:

тел.: 8(727)247 24 30

e-mail: samopoznanie.kz@mail.ru