Адамның үйлесімді дамуы институты 2002 жылы Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесінде балалар мен студент жастарға адамгершілік-рухани білім беруді ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылды.

Миссиясы – «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын әзірлеу және оның мақұлданымнан өтуі мен практикаға енгізілуін ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету.

Институт өз қызметін келесі бағыттар бойынша жүзеге асырады:

  • ғылыми-зерттеу қызметі;
  • ғылыми-әдістемелік қызмет;
  • педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау.

Институттың құрылымына:

  • ғылыми-әдістемелік бөлім;
  • «Өзін-өзі тану»АРББ бағдарламасын енгізу бөлімі;
  • білім беру бағдарламалары бөлімі;
  • ақпараттық-ресурстық бөлім;
  • редакциялық-баспа бөлімі кіреді.