Адамның үйлесімді дамуы институты іс-әрекетінің бағыттары

I. Ғылыми-әдістемелік іс-әрекет

2002 жылы  ашылған Адамның үйлесімді дамуы  институтында балалар мен жастардың адамгершілік-рухани білім алуының тұжырымдамалық бағыттары қалыптасты, аталған  оқу курсы  бойынша білім берудің әртүрлі  деңгейлері  үшін МЖМБС әзірленіп, жоба 184 оқу  орнында мақұлданымнан  өтті және «Өзін-өзі тану» жалпыға міндетті оқу  пәнін еліміздің  үздіксіз білім  беру  жүйесіне енгізу жүзеге  асырылды.

«Өзін-өзі тану» пәнінің инновациялық сипатына орай,  ғылыми-әдістемелік жұмыстың жетекші аспектілерінің бірі «Өзін-өзі тану» пәні  бойынша стандарттарды, оқу  бағдарламаларын, оқу-әдістемелік кешендерді және  оқу-әдістемелік әдебиетті  әзірлеу  болып табылады.

«Өзін-өзі тану» Қазақстан Республикасында білім беру   үдерісінің парадигмасын өзгертуді рухани  басымдықтарға бағытталған жаңа  дүниетанымдық негіздерге көшуді, адамды жан мен тәннің, ақыл-парасат пен пен  жүректің бірлігіндегі біртұтас тіршілік иесі ретінде түсінуді көздейтін метапән болып табылады.

Оқу пәні «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім бағдарламасының  білім беру  үдерісінің орталығында оқушы  тұратын ізгілікті  парадигмасына көшуге мүмкіндік  беретін негізгі компонентіне айналды. Басты  мақсат – оқушының бірегей, абсолюттік құндылыққа ие тұлға ретіндегі рухани өсуі

Осыған орай, 2013 жылдың 1 қыркүйегінен  бастап «Өзін-өзі тану» АРББ бағдарламасын білім беру  ұйымдарының тәрбие  жүйесіне интеграциялау бойынша көпжақты  ғылыми-әдістемелік  жұмыс   жүзеге  асырыла  бастады. «Бөбек» Орталығымен  қатар, «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім бағдарламасы бойынша  пилоттық алаң мәртебесіне Қазақстан Республикасының аймақтарындағы бірқатар білім беру  ұйымдары  (балабақшалар, мектептер, колледждер) ие  болды.  АҮДИ  қызметкерлері пилоттық білім ұйымдарында «Өзін-өзі тану» АРББ бағдарламасы  негізінде біртұтас  тәрбие  ортасын қалыптастыру  бойынша пилоттық білім  ұйымдарын ғылыми-әдістемелік жағынан қамтамасыз етуді  жүзеге  асыруда.

II. Біліктілікті арттыру және  өзін-өзі тану педагогтерін  қайта  даярлау

«Өзін-өзі тану» пәнін енгізу барысындағы маңызды  міндет – педагогтерді  даярлау болып табылады. Осы мақсатпен «Бөбек» Орталығында өзін-өзі тану мұғалімдерінің, колледждер мен жоғары  оқу  орындарының  осы  пәнді оқытатын  педагогтерінің біліктілігін арттыру курстары  жұмыс істейді.

Адамның үйлесімді дамуы  институтында өзін-өзі тану мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курстарының авторлық бағдарламалары әзірленді. Курстық  даярлықтың басты  міндеті – әрбір тыңдаушыға өзінің мұғалім және адам ретіндегі  негізгі мақсатын жаңаша  түсініп, қабылдауына көмектесу, мұндай мұғалім өз кезегінде оқу әрекеті үшін әрбір  оқушы өзінің ішкі  рухани әлеуетін аша алатындай, ар-ұжданына сәйкес өмір сүретін лайықты  тұлға  болып, позитивті  ойлайтын,  өзінің қабілеттерін көрсете алатын, қоғам алдындағы өзінің парызын   түсіне алатындай жағдай туғыза алады.

Институттың  ұжымы «Өрлеу» «Ұлттық біліктілікті арттыру  орталығы» АҚ-мен ынтымақтасып еңбек етеді,  олар   үшін  еліміздің барлық аймақтарындағы педагогтерге әдістемелік көмек көрсететін «Өзін-өзі тану» жаңғыртылған  бағдарламасы  бойынша сертификатталған теренерлер даярлауды  жүзеге  асырады.

III. Ақапарттық-ресурстық іс-әрекет

«Өзін-өзі тану» пәнінің жаңашылдығы мен  интегративтік сипаты өзін-өзі тану  педагогтерін ақпараттық қолдау  қажеттігін туғызды.

Осы  мақсатпен 2009 жылдың  қаңтарынан бастап Адамның үйлесімді дамуы  институтында ғылыми-әдістемелік «Самопознание.KZ» журналы  шыға бастады.

Журналда Қазақстан Республикасындағы адамгершілік-рухани білім берудің мәселелері кеңінен қарастырылады, әртүрлі материалдар, атап  айтқанда «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім бағдарламасы бойынша ғылыми-әдістемелік мақалалар, «Өзін-өзі тану» пәні  бойынша балабақшалар мен  жалпы білім беретін  мектептердегі сабақ  әзірлемелері, колледждер мен  жоғары  оқу  орындарындағы сабақ  үлгілері, педагогтер мен оқушылардың шығармашылық  жұмыстары, сондай-ақ адамгершілік-рухани білім   бойынша  басқа  да  материалдар жарияланады.
Заманауи білім беру ісін ақпараттандыру және ақпараттық- коммуникациялық технологияларды енгізу олардың кең мүмкіндіктерін тұлғаның адамгершілік-рухани дамуында  пайдалану  қажеттігін  туғызады.

Адамның үйлесімді дамуы  институтының шығармашылық  ұжымы әзірлеген www.ozin-ozi-tanu.kz интернет-порталы әртүрлі  қызметтері  бар, біртұтас  тұжырымдамамен біріктіріліп,  балаларға, оқушы жастарға, ата-аналар мен  педагогикалық  жұртшылыққа арналған көпфункциялы алаң болып табылады.

Интернет-портал тоғыз жеке шағын сайттан тұрады,  оның әрқайсысы пайдаланушылардың  белгілі  бір санатына арналған, өзінің  басқару  жүйесі, пайдаланушы  үшін ыңғайлы  интерфейсі  бар, сонымен  бірге әлеуметтік желілерге  шығу  мүмкіндігі  бар. Порталдың «Балаларға», «Оқушыларға», «Студенттерге», «Ата-аналарға», «Балабақша  педагогтеріне»,»  «Мектеп педагогтеріне», «Колледждер мен ЖОО педагогтеріне», «Қашықтықтан  оқыту» бөлімдері  бар.

Көпсалалы  интернет-портал Қазақстан балалары  мен жастарына ақпараттық  интерактивті  технологиялар негізінде өзін-өзі тану, шығармашылық  өзін-өзі  дамыту және  өзін-өзі  жүзеге  асыру мүмкіндігін қамтамасыз етуді көздейді.

Портал оқу үдерісін басқарудың оптималды  жүйесі бар қашықтықтан  оқыту жүйесімен қамтылған. Қашықтықтан  оқытудың «Әлемдік көркем мәдениеттің адамгершілік-рухани әлеуеті үйлесімді  дамыған тұлғаны тәрбиелеу  құралы  ретінде» атты бірінші  бағдарламасы  әзірленді. Қашықтықтан  оқыту жүйесі өзін-өзі тану мұғалімдерінің біліктілігін арттырудың  ұзақмерзімді курс тыңдаушыларының  өзбетінше  жұмысын ұйымдастыру  үшін жақсы  мүмкіндіктер  береді.

IV. Әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекет

Адамның үйлесімді дамуы  институтының алдында  тұрған  тағы бір міндет – балаға  оның әлеуметтенуі барысында көмек көрсетуге, оның  қоғамда өзін-өзі  жүзеге  асыруы үшін  жағдай  жасауға бағытталған әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекетті әдістемелік және  ресурстық қамтамасыз ету болып табылады.

Ата-аналардың педагогикалық білім алуы, қосымша  білім бағдарламалары, тұлғаның  дамуына, оның  қоғамда  бейімделуіне  бағытталған оқушылардың әлеуметтік  жобалары, шығармашылық студиялары бойынша  материалдар интернет-порталдың «Менің отбасым» клубы», «Ата-аналар  жиналысы», «Психолог кеңестері», «Мен өмір сүретін әлем», «Өзін-өзі тану жолымен», «Өзіме  жол», «Адамдарға қызмет ету» және т.б.    айдарларында  орналастырылады.

V. Халықаралық ынтымақтастық

Адамның үйлесімді дамуы  институты өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік дамуы  мәселелерімен айналысатын халықаралық, шетелдік ұйымдармен, атап айтқанда, Халықаралық ізгілікті  педагогика орталығымен, ESSE институтымен (Дания), Білім  проблемалары  институтымен  (Баку, Әзірбайжан) ынтымақтасады.

Осы  ұйымдардың қызметкерлерімен бірлесе  отырып халықаралық  семинарлар және  конференциялар  өткізіледі.