«Өзін-өзі тану» балабақшасы 2009 жылдың тамыз айында ашылды және «Бөбек» ҰҒПББСО РМҚК үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы баспалдағы болып табылады.

Миссиясы – балаларды жан-жақты толыққанды дамыту, балалармен жүргізілетін түрлі іс-әрекетте жалпыадамзаттық құндылықтарын ашу; балалардың өзін-өзі тануына және өзінің мүмкіндіктерін көре білуіне ынталандыру.

2009 жылы қыркүйекте мемлекеттік және орыс тілдерінде оқытылатын 6 топ, 2013 жылы қаңтарда 8 топ, 2014 жылы қыркүйекте 10 топ, 2015 жылы қыркүйекте 8 топ жұмыс жасады. Әр топтағы толық бала саны – 16. Балабақшада 5 күндік жұмыс аптасы және 9 сағаттық жұмыс күні орнатылған.

Балабақшада тәрбие және білім беру іс-әрекеттерін жүргізу, балалардың денсаулығын сақтау және нығайту, біртұтас педагогикалық үдерісін «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасымен ықпалдастыру үшін барлық жағдай жасалған.

Балабақшадағы оқу-тәрбие іс-әрекеті ҚР ЖББС талаптарының негізінде құрылған. Балалар мектеп жасына дейінгі тәрбиелеу мен білім берудің типтік оқу бағдарламасының негізгі білім беру мазмұнын күнделікті мектеп жасына дейінгі балалардың шынайы негізгі іс-әрекеттерін ықпалдастыру жолымен игереді. Ойын балалардың басты іс-әрекеті болып табылады.

Оқу бағдарламасының жалпы кешеніне келесі ықпалдастырылған қосымша білім беру бағдарламалары кіреді: мектеп жасына дейінгі балаларды ағылшын тіліне оқыту; «Мейірімді дельфин» жүзу; «Жас дарын» шахмат; «Бақыт қанаты» театральдық студиясы, «Шабыт» көркемөнер студиясы; «Табиғатты жүрегіңмен аяла» экологиялық клубы, «Жас жұлдызшы» астроклубы. Балалардың сайысқа қатысып, жеңіске жетуі үйірмелер жұмысының нәтижесі болып табылады.

«Өзін-өзі тану» балабақшасы балаларының рухани-адамгершілікке тәрбиелеу міндетін ата-аналармен бірге ынтымақтастықта атқару аса маңызды. Ата-аналарға арналған «Ашық есік» күнін өткізу дәстүрге айналды. Мұнда әр ата-ана баласының сүйіспеншілік, үйлесімділік, мейірімділік жағдайында тәрбиеленіп жатқанын көреді. Педагогтар ата-аналарға балаларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу бағдарламасымен таныстырып, ықпалдастырылған оқу іс-әрекетін өткізуді ұйымдастырады. Ықпалдастырылған оқу іс-әрекеті барысында балалар адамгершілік қасиеттері туралы біліп, игі әрекет жасауға үйрене отырып, саналы түрде жүзеге асыруға тырысады.

Оқу-тәрбие үдерісін 24 педагог жүргізеді. Олардың 8 – і жоғары, 7-еуі – бірінші және 8-і екінші санатты педагогтар. 2 педагог Педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесіне ие, 2 педагогқа «ҚР Құрметті қызметкері» атағы берілсе, 7-еуі – ҚР білім және Ғылым Министрінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.

Педагогтардың тәжірибесі, сонымен қатар АҮДИ курсын тыңдаушыларына арналған семинар және шеберлік сабақтары «Өзін-өзі тану» журналы мен ozin-ozi-tanu.kz Интернет-порталының беттерінде жарияланған. 2014 жылы мектепке дейінгі білім бері педагогтарына арналған «Мекткепке дейінгі білім беру мекемелерінің білім беру кеңістігінде «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын ықпалдастыру» атты әдістемелік оқу құралы жарыққа шықты.

Балабақша 7 жыл ішінде 253 тәрбиеленушіні даярлап шығарды.